Нефтебанк — мұнай және газ өнеркесібі саласындағы аса ірі банк, ашық акционерлік қоғам. 1993 жылы құрылды. Басты мақсаты мұнай-газ кешені кәсіпорындарын банк қызметімен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі "Нефтебанкті" халықаралық стандартқа көшіру жөніндегі бірінші топқа енгізді. Штаб-пәтері Ақтау қаласында орналасқан.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның жабылған банктері