Оқиғалар
Қаңтар
29 қаңтар - Неміс цеппелиндері Парижді бомбалады.
Ақпан
12 ақпан - Салаита Хилл шайқасында (Шығыс Африка науқаны ) – Оңтүстік Африка және Британ империясының басқа әскерлері Шығыс Африкадағы немістердің қорғаныс позициясын ала алмады. 21 ақпан - Францияда Верден шайқасы басталды.
нобай|Француздардың Верден шайқасындағы шабуылы.
Наурыз
8 - 9 Наурыз - Панчо Вилла (Мексикалық революционер) 500-ге жуық мексикалық рейдерлерді Колумбусқа, Нью-Мексикоға шабуыл жасап , 12 американдық сарбазды өлтірді. АҚШ-тың әскери гарнизоны тойтарыс беріп, оларды кері қайтарды. 22 наурыз - Қытайдың уақытша императоры Юань Шикай тақтан бас тартады және қытай Республикасы қайта қалпына келеді.
нобай|Юань Шикайдың бейнесі.
Сәуір
Сәуір - Уильям Дж. Ньютон мен Моррис Голдберг жарық қосқышын ойлап тапты. 11 сәуір - Мысыр экспедициялық күші(Ұлыбритания қарулы күштері) Синай түбегін басып алуды бастады.
Мамыр
16 мамыр - Ұлыбритания мен Франция бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін және Осман империясы француз және британдық ықпал ету салаларына бөлінгеннен кейін Осман империясының Араб жерлерін бөлетін Құпия Сайкс-Пико келісімін құрды.
Маусым
4 маусым - Брусиловский серпілісі, Ресей әскерлері Аустрия-Мажарстан әскерлерінің қорғанысын бұзды.
Шілде
4 шілде - Жетісуде қазақ пен қырғыз халықтарын майдан шебінің артындағы жұмыстарға жұмылдыру туралы хабарландырудан кейін ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.
Тамыз
21 тамыз - Перу бірінші дүниежүзілік соғыста бейтараптықты жариялады. 28 тамыз - Италия Германияға соғыс жариялады. 29 тамыз - АҚШ Филиппин автономиясы туралы заң қабылдады.
Қыркүйек
1 қыркүйек - Болгария Румынияға соғыс жариялап, Добруджаны басып алмақшы болды . 29 қыркүйек - Джон Дэвисон Рокфеллер номиналды жеке байлығы 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын алғашқы миллиардер болды.
Қазан
12 қазан - Гиполито Иригойен Аргентина президенті болып сайланды .
Қараша
3 қараша - Ұлыбритания Қатарға протекторат орнатты. 18 қараша - Сомма шайқасы ең жойқын шайқастардың бірі ретінде аяқталды. Шайқаста үш миллионнан астам адам шайқасты, олардың миллионнан астамы жараланды немесе қаза тапты. Ешбір мемлекет өзін жеңімпаз деп жариялаған жоқ. 23 қараша - Шығыс майданда Румынияның астанасы Бухарестті Орталық державалар әскерлері басып алды .
Желтоқсан
18 желтоқсан - Верден шайқасы Францияда неміс әскерлерінің жеңілісімен аяқталады. 22 желтоқсан - Неміс Fokker ұшақтарына қарсы тұруға арналған Британдық Sopwith Camel ұшағы алғашқы рейсін жасады.
нобай|Sopwith Camel сынақтың алдында дирижабльге ілінуі.
Нақты күндері жоқ 1916 ж. Эйнштейн кеңістіктің, уақыттың және тартылыс күштерінің физикалық теориясы – жалпы салыстырмалық теорияны тұжырымдады. Бұл теория тартылыс теориясының жаңа кезеңінің басталуы болды.
Туғандар Тағы қара: :Санат:1916 жылы туғандар
Қайтыс болғандар Тағы қара: :Санат:1916 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
1916 жыл (поэмасы)
Түсініктемелер
*