Аммофос, NH4H2PO4 – ақшыл сұр түсті тыңайтқыш. Түйіршікті құрамында 11 – 12% азот, 46–50% фосфор ангидриді бар, суда ериді, ауадағы ылғалды сіңірмейтін тыңайтқыш. Аммофос аммиакты ортофосфор қышқылымен бейтараптау арқылы алынады. Онда өсімдікке зиянды әсер ететін қоспа кездеспейді. Өсімдік Аммофос құрамындағы NH4+ пен Н2РО4– иондарын жақсы сіңіреді. Тәлімі жерлерде астық дақылына сүдігер өңдеу кезінде, тұқым сепкенде, суғармалы аймақты тыңайтуға, үстеп қоректендіруге қолданылады. Құрамында фосфор ангидридінің үлесі көп (1:4) болғандықтан азот тыңайтқышымен бірге пайдалану оның тиімділігін арттырады. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Сілтеме

Санат:Минералдар Санат:Азоттық тыңайтқыштар

ar:فوسفات أمونيوم ثنائي هيدروجين de:Ammoniumdihydrogenphosphat en:Ammonium dihydrogen phosphate fr:Phosphate monoammonique pt:Diidrogenofosfato de amônio zh:磷酸二氢铵