Александр Алексеевич Горский (1871—1924) өзінің ең үздік спектакльдерін (50-ден аса балеттер) Мәскеу сахнасында қойды. Онда ол спектакльдің басты бөлімдерінің жалпы үйлесімділігіне жетуді, хореографиялық ұжыммен жұмыс істеуде балет режиссурасын енгізуді, спектакльдің би драматургиясын жасауды, сонымен қатар декорадиялық көркемдеу мен балет артистерінің костюмдеріне жаңа тәсілдерді қолдануды мақсат етті. Горскийдің ең үздік балеттері "Дон Кихот" (1900, Минкустың музыкасына) және "Саламбо" (1910, Арендстің музыкасына) көпшілік сахналарының әдемілігі және әсерлігімен, жарқын да көрікті билерімен, өткір де қарама-қайшылыққа толы ырғақтарымен көпшілік көңілін жаулап алды.

Санат:Ресей әртістері Санат:Балетмейстерлер Санат:1871 жылы туғандар Санат:1924 жылы қайтыс болғандар