Қали Сейілбекұлы Әбдиев (16 желтоқсан, 1956) — Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы.

Ысты руынан шыққан. Қысқаша өмірбаяны С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университеттін тәмамдаған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, информатика кафедрасының доценті болған. 1997 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің ақпараттық технологияларды дамыту басқармасының бастығы. 1998 ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2003 ж. наурызынан Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы.

Дереккөздер

Санат:16 желтоқсанда туғандар Санат:1956 жылы туғандар Санат:Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағалары