Бадамша — Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы ауыл, аудан және Бадамша ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Қандыағаш - Орск темір жол бойында орналасқан. Қара топырақты шөлейтті дала белдемінде бұта аралас бетеге, жусан, т.б. шөптесіндер өседі.

Тарихы Іргесі 1941 жылы қаланған.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 5412 адам (2549 ер адам және 2863 әйел адам) болса, 2009 жылы 5359 адамды (2521 ер адам және 2838 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5824 адамды (2803 ер адам және 3021 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Шаруашылығы Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және оны өңдейтін ұжымдық, жекеменшік өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейді. Кемпірсай никель кен басқармасы, кірпіш, нан, ұн-жарма заттарын жасайтын мекемелері бар.

Инфрақұрылымы Баспахана, мәдениет үйі, орта мектептер, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау орындары бар. Тұрғындары Ақтөбе қаласымен, басқа да елді мекендермен автомобиль және т. жылы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:Қарғалы ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері