нобай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ) — Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы, техника, экономика және педагогика саласынан мамандар даярлайтын жоғары оқу орны.
Тарихы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 1963 жылы құрылған жоғары оқу орны. Өзінің 60 жылдан астам тарихында университет жоғары білім және ғылым саласындағы жетекші оқу орны ретінде қазіргі заманғы сын-қатерлермен тиімді күресуге қабілетті білікті мамандардың ұстаханасына айналды. Бүгінгі таңда ЖОО мықты позицияға ие және елдің батыс аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосуда. Жәңгір хан университеті кәсіпкерлік ЖОО ретінде танымал, оның қызметі мемлекетпен және аграрлық-техникалық бейіндегі бизнес индустриясының өкілдерімен өзара іс-қимылға негізделген, университетті дамытудың негізгі бағыттары агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық зерттеулер және білім мен ғылымдағы заманауи ақпараттық технологиялар болып табылады.
Университеттің академиялық саясаты мен кадрларды даярлау формасы да түбегейлі өзгерді. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптары мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді. Білім беру бағдарламалары бойынша мамандандыру ұйымдастырылып, ерте жұмысқа орналастыру тетігі енгізілді. Қосымша білім беру – бұл практикалық дайындықтың өсуін, еңбек нарығын таңдауды, кәсіпкерліктің өрлеуін, студенттерге бағытталған тәсілді және оқуға құштарлығын арттыруға, түлектерді жұмысқа орналастырудың бірізділігін және қолайлы білім беру бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Университетте «Цифрлық экономика және тұрақты даму», «Ветеринария және агротехнология», «Индустриалды-технологиялық» және «Политехникалық» институттар мен «Гуманитарлық, спорттық және әскери дайындық» факультеті жұмыс істейді.
Ректорлар Дзержинский, Александр Яковлевич (1963–1964) Иконников, Валентин Константинович (1964–1975) Шах, Борис Петрович (1975–1986) Шрамко, Николай Васильевич (1986–1989) Джубаев, Сергей Шугаевич (1989–2000) Дамитов, Базар Кабдошевич (2000–2002) Бозымов, Казыбай Караевич (2002–2014) Сергалиев, Нурлан Хабибуллаевич (2014–2017) Наметов, Аскар Мырзахметович (2017 – қазірге дейін)Тарихи анықтама
Құрылым Университетте «Политехникалық», «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіптік білім беру», «Индустриалды-технологиялық», «Агротехнология», «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институттары жұмыс істейді. Университеттің 17 жоғары және 19 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары, оның ішінде 14 магистратура және 5 докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензиялары бар. Білім беру бағдарламаларының тізілімінде 48 жоғары және 45 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тіркелген. Бүгінгі таңда университетте 344 профессор-оқытушы жұмыс атқаруда, оның ішінде: 12 профессор, 15 ғылым докторы, 25 доцент, 70 ғылым кандидаты, 47 PhD және 400-ге жуық қызметкер бар. 2011 жылы жаңа үлгідегі тоғыз қабатты Студенттер үйі пайдалануға берілді. Университет аумағында 2140 орындық төрт студенттік үй, алты оқу ғимараты, «Жәңгір хан» спорт кешені, мәжіліс залы, «Ихтиология және аквакультура» зертханасы, «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы, оқу-әдістемелік құралдар шығаратын баспа бөлімі жұмыс істейді.
Институт және орталықтар
Цифрлық экономика және тұрақты даму институты «Цифрлық экономика және тұрақты даму» институты – экономика, басқару, ақпараттық технологиялар және экология салаларында бакалавриат, магистратура және іскерлік білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қазіргі уақытта институтта бакалавриаттың білім беру бағдарламалары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда: «Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі»; «Аудит және салық салу»; «Ақпараттық технологиялар»; «Менеджмент және басқару».
2025–2026 оқу жылынан бастап институт құрылымында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өнеркәсіптік жүйелердің тұрақты даму саласында мамандар даярлауға бағытталған «Өнеркәсіптік экология» бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Магистратура деңгейінде институт келесі бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады: «Менеджмент»; «Мемлекеттік және жергілікті басқару»; «Ақпараттық технологиялар»; «Экономика»; «Өнеркәсіптік экология».
Сондай-ақ 2025–2026 оқу жылынан бастап институтта жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау ашылды: 7М04102 – Бизнес-менеджмент (MBA); 7М04103 – Спорттық менеджмент (EMBA).
Тұрақты дамудың стратегиялық бағыттарын іске асыру аясында институттың профессор-оқытушылар құрамынан Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша жұмыс тобы құрылды. Кейіннен бұл бастама институционалдық деңгейде дамып, қазіргі уақытта университет жанында ғылыми-білім беру, талдамалық және ағартушылық қызметті жүзеге асыратын тұрақты даму орталығы ретінде қызмет атқаруда.
Ветеринария және агротехнология институты 2024 жылы оңтайландыруға байланысты «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» мен «Агротехнология» институттары біріктіріліп «Ветеринария және агротехнология» институты болып қайта құрылды.
«Ветеринария и агротехнология» институтының құрамына профессор-оқытушылар құрамы, «Жәрдем-Вет» ғылыми-өндірістік орталығы, «BIOTECH» инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы, «Ихтиология және аквакультура» зертханасы, «Топырақтану» орталығы кіреді. Бүгінгі таңда институтта 93 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 9 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, 33 PhD докторы бар.
Институт үздіксіз үш сатылы (бакалавриат-магистратура-докторантура) оқыту түріндегі келесі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлайды:
6В09100/7М09100/8D09100 – Ветеринария;
7М05100 – Биотехнология;
6В08200/7М08200/8D08200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы;
6В08400/7М08400 – Акваөсіру және су биоресурстары;
6В05200/7М05200 – Өнеркәсіптік экология;
6В08100/7М08100/8D08100 – Агрономия;
6В08101/ 7М08101/ 8D08800 Топырақтану және агрохимия;
6В08102 Өсімдіктерді қорғау және карантин;
6В08300 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы, Ландшафтық дизайн;
6В07200/7М07200 – Тағам өнімдерін өндіру;
6В07203 – Тағам қауіпсіздігі;
6В07201 – Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы.
Индустриалды-технологиялық институты Индустриалды-технологиялық институтында даярланатын білім беру бағдарламалары:
Бакалавриат бойынша:
6В07100 – «Химиялық инженерия және процестер»
6В07202 – «Мұнай-газ ісі»
6В07204 – «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау»
6В07205 – «Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жабдықтарға сервистік қызмет көрсету»
6В07206 – «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру және пайдалану»
6В07207 – «Мұнай өндіру объектілерін пайдалану және қызмет көрсету»
6В07300 – «Құрылыс инженериясы»
6В07301 – «Құрылыс материалдарын өндіру»
6В07302 – «Жерге орналастыру»
6В07303 – «Кадастр»
6В07304 – «Гидромелиорация»
6В07305 – «Сәулет»
Магистратура бойынша:
7М07100 – «Химиялық инженерия және процестер»
7М07202 – «Мұнай-газ ісі»
7М07300 – «Құрылыс инженериясы»
7М07301 – «Құрылыс материалдарын өндіру»
7М07302 – «Жерге орналастыру»
Докторантура бойынша:
8D07301 – «Құрылыс материалдарын өндіру»
Сонымен қатар Индустриалды-технологиялық институтта бірнеше практикалық-зертханалық аудиториялар жасақталған: «Мұнай бергіштікті арттыру және сүзбелену үдерісін модельдеу», «Бетон технологиясы», «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы тренажерлық зертханасы», «Бейорганикалық химия», «Аналитикалық химия», «Физикалық және коллоидты химия», «Көмірсутек шикізат», «Органикалық химия», «Мұнай-газ өңдеу», «Құрылыс материалдарын өндіру», «Жер кадастры», «Құрылыс өндірісінің технологиясы», «Елді мекендерді жоспарлау мен дамытудың негізгі элементтері», «Жер құқығы», «Инженерлік жүйелер», «Құрылыс материалдар», «Құрылыс машиналары және процестер мен аппараттар», «Іргетас негіздері», «Құрылыс материалдарын зерттеу», «Жерге орналастыру және кеңістіктік жоспарлау», «Мультимедиялық дәріс залы», «Студенттік конструкторлық технологиялық бюро», «Оқу өндірістік орталығы».
Институт құрамында «Инжиниринг және ресурс үнемдеу» ғылыми-зерттеу институтының оқу-ғылыми-өндірістік орталығы; «Гидротехника және мелиорация»ғылыми-білім беру орталығы, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі, Геология мұражайы жұмыс жасайды.
Политехникалық институты Заманауи инженерлік білім мен инновация орталығына айналған Политехникалық институт инженерлік, техникалық және аграрлық салалар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды. Институтта білім беру үдерісі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылып, теория мен тәжірибені ұштастыруға ерекше мән беріледі. Студенттер оқу барысында нақты өндірістік жағдайларға жақын зертханаларда білім алып, болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларды меңгереді. Институтта бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша сұранысқа ие білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Бакалавриатта аграрлық техника және технологиялар, машина жасау, электрмен жабдықтау, автоматтандыру және басқару, мехатроника, робототехникалық жүйелер, көлік техникасы, өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі, стандарттау және метрология сияқты инженерлік бағыттар қамтылған. Магистратурада студенттер ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне терең бейімделіп, агроинженерия, автокөлік техникасы, энергетика және өндірістік қауіпсіздік салаларында кәсіби құзыреттерін дамытады. Докторантура деңгейінде аграрлық техника және технологиялар бағыты бойынша ғылыми кадрлар даярланып, қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізіледі.
Политехникалық институттың материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде жабдықталған және келесі негізгі зертханаларды қамтиды:
Материалдар кедергісі зертханасы. Мұнда металдар мен құрылыс материалдарының беріктік қасиеттері зерттеліп, созылу, сығылу, иілу және бұралу сынақтары жүргізіледі. Зертхана инженерлік есептеулер жүргізу арқылы студенттердің техникалық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Механикаландыру және автоматтандыру зертханасы ауыл шаруашылығы және өндірістік машиналардың құрылымы мен жұмыс принциптерін тәжірибе жүзінде меңгеруге арналған. Студенттер тракторлармен, агрегаттармен жұмыс істеп, техникалық қызмет көрсету және тиімділікті арттыру әдістерін үйренеді.
Автоматтандыру зертханасы өндірістік процестерді цифрландыруға бағытталған. Мұнда автоматты басқару жүйелері, контроллерлер, датчиктер, мехатрондық құрылғылар және робот техникасының элементтері қолданылады.
Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі зертханасы еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-гигиеналық талаптар мен төтенше жағдайлардағы әрекеттерді үйретуге арналған. Бұл бағыт студенттердің жауапкершілігін және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.
Электротехника және энергетика зертханасында электр машиналары, трансформаторлар, энергиямен жабдықтау жүйелері, энергия үнемдеу және жаңартылатын энергия көздері бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.
Физика зертханасында механика, электрмагнетизм, жылуфизика және оптика салаларындағы тәжірибелер арқылы инженерлік пәндердің теориялық негізі бекітіледі.
Мехатроника және робототехника зертханасы – институттың инновациялық бағытының өзегі. Мұнда өндірістік автоматтандыру, роботтық жүйелер, интеллектуалды басқару, сенсорлық жүйелер, компьютерлік көру және машиналық үйрену технологиялары қолданылады. Студенттер нақты жобаларға қатысып, автономды және жартылай автономды құрылғыларды әзірлеу мүмкіндігіне ие.
Политехникалық институтта ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілетінін дәлелдейтін бірқатар жеңіп алынған іргелі ғылыми гранттар бар. Бұл институт ғалымдарының кәсіби шеберлігін, инженерлік ойлаудың тереңдігін және ауыл шаруашылығы мен техникалық салалардағы инновациялық шешімдерге деген ұмтылысын көрсетеді. Институт ұжымы төмендегідей көрсетілген маңызды жобаларды сәтті іске асырып келеді: