Мит-Гамр қаласы (Египет) – Египеттегі Дакахлия губернаторлығында орналасқан. Халық саны 110 549 адам (2006 жылғы халық санағы бойынша). Губернаторлықтағы көлемі бойынша екінші қала. Бірінші орында Эль-Мансур қаласы. Қалада 1963 жылы әлем бойынша алғашқы Ислам «Мит-Гамр Банкі» ашылды. Ол пайызсыз негізде жұмыс жасады. Қазіргі таңда қала Египеттегі алюминий шығаратын маңызды орталықтардың бірі. Жалпы алюминий өндірісінің 70%-ын шығарады. Мит-Гамр 11 ауылды аймақты біріктіретін аудан болып табылады. Ауданның жалпы ауданы 346 км². Губернаторлықтың 10%-ын құрайды. Аймақта күріш, бидай және мақта өсіріледі.http://bekkin.ru/index.php?rub=4&art=159

Дереккөздер

Санат:Мысыр қалалары Санат:Алфавит бойынша елді мекендер Санат:Дакахлия губернаторлығындағы елді мекендер