Ито Хиробуми ( (1841–1909) — көрнекті жапон саясаткері, бірінші (сол сияқты, бесінші, жетінші, оныншы) Жапон премьер-министрі, бірінші (сол сияқты, үшінші, сегізінші, оныншы) Құпия Кеңес төрағасы, Жапон Конституциясы жобасының ауторы. Мэйдзи Жаңғыртуы көшбасыларының бірі, генро – император кеңесінің тізіміне енді. Йель университетінің Құрметті докторы.

Жастық шағы Ито Хиробуми 16 қазанда 1841 жылы Тесю кінәздігінің вассальді тәуелділігінде болған Хаги кінәздігінің (бүгінгі күні Хаги қаласы Ямагути префектурсының құрамына енеді) астанасында дүниге келді. Әкесі Ито Хаяси Дзюдзо шаруа болған адам. Ол Ито жанұясына асырап алынып, асигару дәрежесін иеленіп, Ито тегін алды.

Ұлыбританиядағы машықтану Үйленуі Тесю мен Ұлыбритания арасындағы қақтығыс барысында Ито князь Тесю Мори мен ағылшын арасында елші ретінде бірінші рет дипломат болып қатынасты. Тесю жетекшілігінің өкілдері керітартпа бағытта бола отырып, Итоның өміріне бірнеше рет қастандық ұйымдастырған болатын. Сол сәтте жас гейша Умэко Итоны өз бөлмесіне жасырып қойды. Осыдан кейін екеуінің арасында махаббат сезімі оянды. Кейін Хиробуми 1866 жылы Умэконы сатып алып, сәуір айында үйлену тойларын жасады.

Мансабының басқы кезеңі

1867 жылы Ито Хиробуми гоятои дәрежесіне көтеріліп, ресми түрде самурай мәртебесін алды.W. G. Beasley. Councillors of Samurai Origin in the Early Meiji Government 1868 жылы ол сыртқы істер жөніндегі үкімет кеңесшісі (санъё) болып тағайындалып, Хёго префектурасын басқарды. Сол жылы префектура орталығы Кобе шетелдіктерге ашылып, аймақ Жапонияның модернизация және интернационализация орталықтарының біріне айналды.

1870 жылы Ито АҚШ-қа жіберіліп, Батыстың қаржы және валюта жүйесін зерттеді. Ол мемлекеттік хатшы Гамильтон Фишпен кездесіп, АҚШ Конституциясының және негізгі заңдардың көшірмесін сыйға алды. Дегенмен, Ито американдық үлгіні Жапонияға жарамсыз деп санады. Еліне оралған соң қоғамдық жұмыстар мен қаржы саласында басшылық қызмет атқарып, княздық жүйенің орнына префектуралық әкімшілік құрылымды енгізуге қатысты.

1871 жылы Ито Батыс елдеріне зерттеу және дипломатиялық миссия жіберуді ұсынды. Бұл ұсыныс қабылданып, 107 адамнан тұратын Ивакура миссиясы сыртқы істер министрі Ивакура Томоми басшылығымен жіберілді; Ито оның орынбасарларының бірі болды.Ian Hill Nish. The Iwakura Mission in America and Europe: A New Assessment. — RoutledgeCurzon, 1998. — 244 б. — ISBN 1873410840 Бұл сапар кезінде ол Жапонияның Батыс тәжірибесінен үйреніп, дамуы қажет деген көзқарасты ұстанды.

1873 жылы Сэйканрон деп аталатын пікірталаста Ито Жапонияның Кореяға соғыс ашуға дайын еместігін айтып, соғысқа қарсы шықты.Norman, E. Herbert; Woods, Lawrence Timothy. Japan’s emergence as a modern state: political and economic problems of the Meiji period]

1878 жылдан бастап ішкі істер министрі ретінде Ито Рюкю аралдарын Жапония құрамына қосу ісінде маңызды рөл атқарды. 1879 жылы үкімет өкілі Мацуда Митиюки Рюкю астанасы Нахаға келіп, король Сё Тайға ультиматум қойды. Маусым айында Сё Тай Иокогамаға жеткізілді, ал Рюкю Жапонияға қосылды, Қытайдың наразылығына қарамастан.Мещеряков А. Н. ‘‘Император Мэйдзи и его Япония’’. — М.: Наталис, 2006. — б. 377. — ISBN 5-8062-0221-6

Жапон Премьер-министрі

Бірінші мерзім

Мемлекеттік аппарат реформасы

Жапон Конституциясымен жұмыс

Басқа реформалар

Екінші мерзім

Үшінші және төртінші мерзім

Өмірінің соңғы жылдары thumb|Ито Хиробуми Корея генерал-резидентінің мундирінде.

Қаза болу right|300px|thumb|Ито Хиробуми Харбин вокзалында қаза болғанын дейінгі бірнеше минут бұрын. Князь құрметті қарауылға цилиндрді көтеріп сәлем беруде.

Ан Чунгынды айыптау

Ито марапаттары

Алған уақыты Марапат атаулары Сурет2 қараша 1877 жылАлқасымен Хризантема Жоғары орденіborder|50px25 мамыр 1885 жылВаса әулетінің Корольдік ордені, 1-дәрежелі (Швеция)border|50px11 ақпан 1889 жылҮлкен таспасымен Хризантема Жоғары орденіborder|50px5 шілде 1895 жылҮлкен таспасымен Хризантема Жоғары орденіborder|50px19 наурыз 1896 жылӘулие Александр Невский ордені (Ресей)border|50px4 қазан 1897 жылЛеопольд ордені, 1-дәрежелі (Бельгия)border|50px29 сәуір 1898 жылҚұрметті легион ордені, Үлкен крест иегері (Франция)border|50px1 сәуір 1906 жылАлқасымен Хризантема Жоғары орденіborder|50px

Ито кинематографта

Сериалдары Сериал Ито Хиробуми рөліндегі әртісМіне, Рема келеді 竜馬がゆくНакамура Ацуо中村敦夫Гүлдер құдайы 花神Бито Исао尾藤イサオАрыстан уақыты 獅子の時代Нэдзу Дзинбати根津甚八Көктемгі толқындар 春の波涛Итами Дзюдзо 伊丹十三Ұшу секілді 翔ぶが如くОгура Хисахиро 小倉久寛Жел ұшқындайды 風が燃えたМиура Томокадзу 三浦友和Хира Микидзиро平幹二朗Енді, республикаға!走向共和Хирата Ясуюки平田康之Салтанат аяқталды夜会の果てНабэ Осамиなべおさみ

Фильмдер Фильм Ито Хиробуми рөліндегі әртіс203-ші биіктік 二百三高地Морисигэ Хисая 森繁久弥 Тёсюдегі бесеу 長州ファイブ -CHOSHU Five-Миура Акифуми三浦アキフミ2009: Шығындалған естеліктер2009 로스트 메모리즈У Санджон우상전

Интересные факты thumb|Ито Хиробуми мен оның жұбайы Умэко корея киімінде.

Дереккөздер

Санат:Жапония саясаткерлері Санат:Самурайлар Санат:Жапония премьер-министрлері