Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968—1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған.
1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Сыртқы сілтемелер http://www.inform.kz/kaz/article/1218153 http://www.inform.kz/kaz/article/1188149 Дереккөздер
Санат:1901 жылы туғандар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері