Шарм-эш-Шейх немесе Шарм-әл-Шейх немесе Шарм-аш-Шейх () (1982 жылдан бұрын Офира (ивр. אופירה)) – Синай түбегінің шетіндегі және Қызыл теңіз жағалауындағы Египеттің курортты қаласы.
Оңтүстік Синай губернаторлығындағы аудан орталықтарының бірі. Халық саны 28 000 адам (2001 жылғы халық санағы бойынша). Араб тілінен аударғанда Шарм-эш-Шейх – «шейх қойнауы (шығанақ)» деген мағына береді. Тарихи қала архитектуралық өзгерістерге ұшыраған жоқ. Қазіргі таңда қалада туристік орталықтар жақсы дамуда. Шарм-эш-Шейх – европалық дәрежедегі курорт. Жағалауда көптеген қонақүйлер мен туристтер демалатын орындар бар. Қалада 200-ден аса қонақүй жұмыс жасап тұр. Климаты мен тұрғын үйлердің құрылысы инвесторлардың назарынан тыс қалған емес.
Санат:Мысыр қалалары Санат:Қызыл теңіз жағасындағы қалалар Санат:Мысыр шипажайлары Санат:Шарм-эш-Шейх