Сана, Санаа () — Йемен мемлекетінің астанасы.

Халық саны 1 747 627 адам (2004 жылғы халық санағы бойынша). Қала таулы аймақта орналасқандықтан, жан-жағын тау қоршап тұр. Зерттеушілер Сана жайында қалған жазбаларды Ι ғасырға жатқызады.

Аңыз бойынша қаланың негізін Нұх пайғамбардың баласы Сим қалаған.

Қаланың ескі аты — Азал, Симнің ұлы Узал атауына байланысты қалыптасқан. 1990 жылдан бері Йеменнің астанасы. Қалада Сук-аль-Кат атты базар бар. Ол араб әлеміндегі ең көне қалалардың бірі.

Дереккөздер

Санат:Азия елордалары Санат:Йемен қалалары Санат:Миллионер қалалар