Sight & Sound («Бейне мен дыбыс» немесе «Көрініс пен дыбыс») – негізі 1932 жылы қаланып, 1934 жылдан бері Британия кинематография институтының қолдауымен ай сайын жарық көретін кино тақырыбына арналған британ журналы. 1952 жылдан бастап ол он жылда бір рет өткізілетін «Барлық заманның ең ұлы фильмдері» атты танымал Sight and Sound сауалнамасын жүргізіп келеді.
Тарихы Sight and Sound журналы алғаш рет 1932 жылы көктемде Білім беру және мәдени фильмдер жөніндегі комиссияның отырыстарынан кейін «Британдық ересектерге білім беру институтының қолдауымен жарық көретін оқуға көмекші заманауи құралдардың тоқсандық шолуы» ретінде басылып шықты. 1934 жылы журналды басқару жаңадан құрылған Британия кинематография институтына (BFI) берілді, ол журналды бүгінгі күнге дейін шығарып келеді.
Sight and Sound өзінің тарихының басым бөлігінде, 1990-жылдардың басына дейін тоқсан сайын шығып тұрды (тек 1950-жылдардың басындағы қысқа уақыт аралығында ай сайын жарық көргені болмаса). Бірақ 1991 жылы ол BFI-дың тағы бір басылымы — Monthly Film Bulletin журналымен біріктіріліп, ай сайын шыға бастады.
Содан бері журнал Ұлыбританиядағы барлық кинопремьераларға ай сайын толық шолу жасап келеді. Sight & Sound басылымының басты ерекшелігі — тек таңдаулы кинотеатрларда ғана көрсетілетін күрделі, интеллектуалды фильмдерге басымдық беруінде. Мұндағы рецензияларда фильм мазмұны егжей-тегжейлі сипатталып, оның желісі соңына дейін баяндалады. Сонымен қатар, актерлер құрамы мен түсірілім тобының барынша толық тізімі қоса беріледі.
Сын-пікірлерден бөлек, басылымда сұхбаттар, сараптамалық мақалалар және кино тарихына арналған зерттеулер жарияланады. Журнал Голливудтың мейнстрим өнімдеріне емес, әлемдік киноөнеріне баса назар аударады. Осындай ұстанымы үшін Sight & Sound «элитарлы киножурнал» деген атқа ие болды. Мәселен, The Independent газеті оны «түсінуге жеңіл, бірақ өте зияткерлік басылым» деп сипаттаса, британдық киносыншы әрі журналдың бұрынғы авторы Рэймонд Дургнат басылымды «астамшыл, пуритандық және снобистік» деп айыптаған.
Барлық заманның ең ұлы фильмдеріне арналған сауалнамасы 1952 жылдан бастап Sight and Sound журналы он жылда бір рет «әлемдегі ең ұлы фильмдерді» анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп келеді. 1992 жылға дейін шақырылған киносыншылар мен режиссерлердің дауыстары бір ортақ тізімге біріктірілсе, 1992 жылдан бастап режиссерлер үшін бөлек сауалнама ұйымдастырылатын болды.
Sight and Sound сауалнамасы қазіргі таңда әлемдегі ең беделді «үздік фильмдер» тізімі болып саналады. Танымал киносыншы Роджер Эберт бұл рейтингті: «Кино әлеміндегі сансыз сауалнамалардың ішіндегі ең сыйлысы — киноға байыппен қарайтын жандар мойындайтын бірден-бір тізім», — деп сипаттаған.
Sight and Sound бұл сауалнаманы алғаш рет 1952 жылы өткізді. Оған сол жылдың басында Бельгиядағы Дүниежүзілік кино және бейнелеу өнері фестивалінің комитеті негізінен режиссерлер арасында жүргізген сауалнама түрткі болды. Осыдан кейін журнал киносыншылардың таңдауын білуді ұйғарып, нәтижесін келесі санында жариялады. Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Италия, Германия, Дания, Швеция, Бельгия, Чехословакия және Югославиядан 85 сыншы шақырылғанымен, оның 63-і ғана жауап берді. Сыншылардың көбі мұндай сұрақты («ең ұлы фильмді таңдау») әділетсіз деп санады. Алғашқы сауалнамада «Велосипед ұрылары» (63 дауыстың 25-іне ие болып) жеңіске жетті, ал үздік ондықтың ішінде алты дыбыссыз фильм болды. Келесі бес сауалнамада (1962–2002) «Азамат Кейн» фильмі тұрақты түрде бірінші орынды иеленіп келді (айта кетейік, ол 1952 жылы 13-орында болған).Johnson, Eric C. Sight and Sound Poll 1952: Critics , Caltech.
2012 жылғы сауалнамада Sight and Sound сарапшылар құрамының біржақтылығы туралы ондаған жылдар бойы айтылған сынға құлақ асты. Журнал гендерлік, этникалық, нәсілдік және географиялық теңдікті ескере отырып, әлемнің түкпір-түкпірінен сыншылар мен кинематографистерді шақыруға күш салды. Нәтижесінде дауыс беруші сыншылар саны 145-тен 846-ға дейін артып, олардың қатарына алғаш рет бағдарламалаушылар, кураторлар, архивистер мен кинотарихшылар қосылды. Осы өзгерістен кейін «Азамат Кейн» екінші орынға сырғып, «Вертиго» көш бастады. Режиссерлер сауалнамасы да 108-ден 358 адамға дейін кеңейіп, онда «Токио хикаясы» жеңіске жетіп, «Азамат Кейн» мен «2001: Ғарыш одиссеясы» қатарласып, екінші орынға ие болды.
2022 жылы сауалнамаға қатысқан сыншылар саны тіпті 1 639-ға жетті. Нәтижесінде Шанталь Акерманның «Жанна Дильман, Коммерция жағалауы, 23, 1080 Брюссель» фильмі бірінші орынды иеленді. Бұл — тізім тарихында әйел режиссер түсірген фильмнің алғашқы көш бастауы. «Вертиго» екінші, «Азамат Кейн» үшінші орынға тұрақтады. Жалпы алғанда, 4 000-ға жуық түрлі фильм кемінде бір рет аталған. Режиссерлер сауалнамасында «2001: Ғарыш одиссеясы» алғаш рет жеңіске жетіп, екінші орынды «Азамат Кейн» иеленсе, «Токио хикаясы» мен «Жанна Дильман» фильмдері өзара төртінші орынды бөлісті.
«Ойын ережелері» (La Règle du Jeu) фильмі журналдың алғашқы жеті сауалнамасының бәрінде тізімге енсе, «Азамат Кейн» соңғы жеті сауалнаманың бәрінде өз орнын сақтап келеді.
Сыншылар сауалнамасы 1952 1: Велосипед ұрылары (Витторио Де Сика, 1948) 2: Үлкен қаланың оттары (Чарли Чаплин, 1931) 3: Алтын безгегі (Чарли Чаплин, 1925) 4: Потемкин» брононосеці (Сергей Эйзенштейн, 1925) 5: Төзімсіздік (Дэвид Уорк Гриффит, 1916) 5: Луизиана хикаясы (Роберт Флаэрти, 1948) 7: Ашкөздік (Эрих фон Штрогейм, 1924) 7: Таң атады (Марсель Карне, 1939) 7: Жанна д’Арк құштарлығы (Карл Теодор Дрейер, 1928) 10: Қысқа кездесу (Дэвид Лин, 1945) 10: Миллион (Рене Клер, 1931) 10: Ойын ережелері (Жан Ренуар, 1939)1962 1: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 2: Аввентура (Микеланджело Антониони, 1960) 3: Ойын ережелері (Жан Ренуар, 1939) 4: Ашкөздік (Эрих фон Штрогейм, 1924) 5: Угэцу моногатари (Кендзи Мидзогути, 1953) 6: Потемкин» брононосеці (Сергей Эйзенштейн, 1925) 7: Велосипед ұрылары (Витторио Де Сика, 1948) 7: Иван Грозный, 1-бөлім (Сергей Эйзенштейн, 1944) 7: Иван Грозный, 2-бөлім (Сергей Эйзенштейн, 1958) 9: Жер сілкінеді (Лукино Висконти, 1948) 10: Аталанта (Жан Виго, 1934)
1972 1: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 2: Ойын ережелері (Жан Ренуар, 1939) 3: Потемкин брононосеці (Сергей Эйзенштейн, 1925) 4: 8½ (Сегіз жарым) (Федерико Феллини, 1963) 5: Аввентура (Микеланджело Антониони, 1960) 5: Персона (Ингмар Бергман, 1966) 7: Жанна д’Арк құштарлығы (Карл Теодор Дрейер, 1928) 8: Генерал (Бастер Китон, 1926) 8: Эмберсондардың салтанаты (Орсон Уэллс, 1942) 10: Угэцу моногатари (Кендзи Мидзогути, 1953) 10: Бүлдірген алаңы (Ингмар Бергман, 1957)1982 1: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 2: Ойын ережелері (Жан Ренуар, 1939) 3: Жеті самурай (Акира Куросава, 1954) 4: Жаңбыр астында ән салу (Стэнли Донен және Джин Келли, 1952) 5: 8½ (Сегіз жарым) (Федерико Феллини, 1963) 6: Потемкин брононосеці (Сергей Эйзенштейн, 1925) 7: Аввентура (Микеланджело Антониони, 1960) 7: Эмберсондардың салтанаты (Орсон Уэллс, 1942) 7: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 10: Генерал (Бастер Китон, 1926) 10: Іздеушілер (Джон Форд, 1956)
1992 1: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 2: Ойын ережелері (Жан Ренуар, 1939) 3: Токио хикаясы (Ясудзиро Одзу, 1953) 4: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 5: Іздеушілер (Джон Форд, 1956) 6: Аталанта (Жан Виго, 1934) 6: Потемкин брононосеці (Сергей Эйзенштейн, 1925) 6: Жанна д’Арк құштарлығы (Карл Теодор Дрейер, 1928) 6: Жол жыры (Сатьяджит Рай, 1955) 10: 2001: Ғарыш одиссеясы (Стэнли Кубрик, 1968)2002 1: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 2: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 3: Ойын ережелері (Жан Ренуар, 1939) 4: Өкіл әке (Фрэнсис Форд Коппола, 1972) 4: Өкіл әке 2 (Фрэнсис Форд Коппола, 1974) 5: Токио хикаясы (Ясудзиро Одзу, 1953) 6: 2001: Ғарыш одиссеясы (Стэнли Кубрик, 1968) 7: Потемкин брононосеці (Сергей Эйзенштейн, 1925) 7: Күннің шығуы (Фридрих Вильгельм Мурнау, 1927) 9: 8½ (Сегіз жарым) (Федерико Феллини, 1963) 10: Жаңбыр астында ән салу (Стэнли Донен & Джин Келли, 1952)
2012 1: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 2: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 3: Токио хикаясы (Ясудзиро Одзу, 1953) 4: Ойын ережелері (Жан Ренуар, 1939) 5: Күннің шығуы (Фридрих Вильгельм Мурнау, 1927) 6: 2001: Ғарыш одиссеясы (Стэнли Кубрик, 1968) 7: Іздеушілер (Джон Форд, 1956) 8: Киноаппарат ұстаған адам (Дзига Вертов, 1929) 9: Жанна д’Арк құштарлығы (Карл Теодор Дрейер, 1928) 10: 8½ (Сегіз жарым) (Федерико Феллини, 1963)2022 1: Жанна Дильман (Шанталь Акерман, 1975) 2: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 3: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 4: Токио хикаясы (Ясудзиро Одзу, 1953) 5: Махаббат көңіл-күйі (Вонг Карвай, 2000) 6: 2001: Ғарыш одиссеясы (Стэнли Кубрик, 1968) 7: Жақсы жұмыс (Клер Дени, 1999) 8. Малхолланд Драйв (Дэвид Линч, 2001) 9: Киноаппарат ұстаған адам (Дзига Вертов, 1929) 10: Жаңбыр астында ән салу (Стэнли Донен және Джин Келли, 1952)
Режиссерлер сауалнамасы 1992 1: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 2: 8½ (Сегіз жарым) (Федерико Феллини, 1963) 2: Құтырған бұқа (Мартин Скорсезе, 1980) 4: Ла Страда (Федерико Феллини, 1954) 5: Аталанта (Жан Виго, 1934) 6: Өкіл әке (Фрэнсис Форд Коппола, 1972) 6: Жаңа заман (Чарли Чаплин, 1936) 6: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 9: Өкіл әке 2 (Фрэнсис Форд Коппола, 1974) 10: Жанна д’Арк құштарлығы (Карл Теодор Дрейер, 1928) 10: Расёмон (Акира Куросава, 1950) 10: Жеті самурай (Акира Куросава, 1954)2002 1: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 2: Өкіл әке (Фрэнсис Форд Коппола, 1972) 2: Өкіл әке 2 (Фрэнсис Форд Коппола, 1974) 3: 8½ (Сегіз жарым) (Федерико Феллини, 1963) 4: Арабиялық Лоуренс (Дэвид Лин, 1962) 5: Доктор Стрейнджлав (Стэнли Кубрик, 1964) 6: Велосипед ұрылары (Витторио Де Сика, 1948) 6: Құтырған бұқа (Мартин Скорсезе, 1980) 6: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 9: Расёмон (Акира Куросава, 1950) 9: Ойын ережелері (Жан Ренуар, 1939) 9: Жеті самурай (Акира Куросава, 1954)
2012 1: Токио хикаясы (Ясудзиро Одзу, 1953) 2: 2001: Ғарыш одиссеясы (Стэнли Кубрик, 1968) 2: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 4: 8½ (Сегіз жарым) (Федерико Феллини, 1963) 5: Такси жүргізушісі (Мартин Скорсезе, 1976) 6: Ақыр заман (Фрэнсис Форд Коппола, 1979) 7: Өкіл әке (Фрэнсис Форд Коппола, 1972) 7: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 9: Айна (Андрей Тарковский, 1975) 10: Велосипед ұрылары (Витторио Де Сика, 1948)2022 1: 2001: Ғарыш одиссеясы (Стэнли Кубрик, 1968) 2: Азамат Кейн (Орсон Уэллс, 1941) 2: Өкіл әке (Фрэнсис Форд Коппола, 1972) 4: Токио хикаясы (Ясудзиро Одзу, 1953) 4: Жанна Дильман (Шанталь Акерман, 1975) 6: 8½ (Сегіз жарым) (Федерико Феллини, 1963) 6: Вертиго (Альфред Хичкок, 1958) 8: Айна (Андрей Тарковский, 1975) 9: Ірі план (Аббас Киаростами, 1990) 9: Махаббат көңіл-күйі (Вонг Карвай, 2000) 9: Персона (Ингмар Бергман, 1966)
Барлық заманның ең ұлы режиссерлері Бұл тізім сыншылар мен режиссерлер дауыс берген жекелеген фильмдердің режиссерлерін жинақтау арқылы жасалған. Sight & Sound журналы мұндай тізімді тек 2002 жылы ғана құрастырған болатын. Сыншылар сауалнамасы 1. Орсон Уэллс 2. Альфред Хичкок 3. Жан-Люк Годар 4. Жан Ренуар 5. Стэнли Кубрик 6. Акира Куросава 7. Федерико Феллини 8. Джон Форд 9. Сергей Эйзенштейн 10. Фрэнсис Форд Коппола 10. Ясудзиро ОдзуРежиссерлер сауалнамасы 1. Орсон Уэллс 2. Федерико Феллини 3. Акира Куросава 4. Фрэнсис Форд Коппола 5. Альфред Хичкок 6. Стэнли Кубрик 7. Билли Уайлдер 8. Ингмар Бергман 9. Дэвид Лин 9. Мартин Скорсезе 9. Жан Ренуар
Барлық заманның ең ұлы деректі фильмдері 2014
Киноаппарат ұстаған адам (Дзига Вертов, КСРО, 1929) Шоа (Клод Ланцман, Франция, 1985) Күнсіз (Крис Маркер, Франция, 1982) Түн мен тұман (Ален Рене, Франция, 1955) Жіңішке көк сызық (Эррол Моррис, АҚШ, 1989) Бір жаздың шежіресі (Жан Руш және Эдгар Морен, Франция, 1961) Солтүстіктегі Нанук (Роберт Флаэрти, АҚШ, 1922) Жинаушылар және мен (Аньес Варда, Франция, 2000) Артыңа қарама (Д. А. Пеннебейкер, АҚШ, 1967) Сұр бақтар (Альберт және Дэвид Мэйзлс, Эллен Ховде және Маффи Мейер, АҚШ, 1975)
Тағы қараңыз Cahiers du Cinéma IMDb нұсқасы бойынша 250 үздік фильм