thumb|right|200px| Георг Бюхнер (; 17 қазан 1813 жыл, Гедделау – 19 ақпан 1837 жыл, Цюрих) – неміс ақыны, аудармашы және драматург.

Страсбург және Гиссен қалаларында білім алады. 1834 жылы Гиссендегі революциялық қозғалысқа қатысады. Саяси памфлеттері үшін іздеу салынады. 1835 жылы Страсбургке қашып келіп, осында философиямен айналысады.

Ол бүкіл өмірінде үш драмалық шығарма жазған. Дармштат қаласында «Дантонның өлімі» («Dantons Tod, dramatische Bilderausder Schreckenzeit»; Франкфурт, 1835) атты заманауи драманың алғашқы үлгілері болып саналатын драмасын бірнеше аптада жазып шығады. 1835 жылы Виктор Гюгоның «Лукреция Борджиа» және «Мария Тюдор» атты пьесаларын аударады. 1923 жылдан бастап Бюхнер атындағы сыйлық тағайындалады.

Дереккөздер

Санат:17 қазанда туғандар Санат:1813 жылы туғандар Санат:Гессенде туғандар Санат:19 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1837 жылы қайтыс болғандар Санат:Цюрихте қайтыс болғандар Санат:Германия ақындары Санат:Неміс ақындары Санат:XIX ғасырдағы Германия жазушылары Санат:XIX ғасырдағы неміс жазушылары Санат:Германия драматургтері Санат:Георг Бюхнер