Регимантас Вайткусович Адомайтис (; 31 қаңтар 1937, Шяуляй — 20 маусым 2022, Вильнюс) — кеңестік және литвалық театр және кино актері. КСРО Халық әртісі (1985). ГДР Ұлттық сыйлығының (1981), Литва КСР Мемлекеттік сыйлығының (1982) және Литва мәдениет және өнер ұлттық сыйлығының (2014) лауреаты.

1985 жылы КСРО-ның халық әртісі атанған. 1954–1959 жылдары Вильнюс мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінде оқиды, алайда 1958 жылдан бастап Вильнюс консерваториясының актерлік факультетінде оқи бастайды. 1962 жылы актер дипломын алып шығады. 1962–63 жылдары Капсукас қаласындағы драма театрда жұмыс істейді. 1963 жылы Каунасск мемлекеттік драма театры академиясы құрамында болады. 1967 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Литвадағы Ұлттық драма театр академиясында актерлік қызмет атқарады.

Дереккөздер

Санат:КСРО халық әртістері Санат:ГДР Ұлттық сыйлығының иегерлері Санат:Обырдан қайтыс болғандар