Борис Аршакович Аракелов (1938 жылы 23 қарашада Ленинградта дүниеге келіп, 2003 жылы 30 желтоқсанда Санкт-Петербургте дүниеден өткен) – совет театр және киноактері.

1969 жылы А.В. Луначарский атындағы ГИТИС-ті бітіреді. Борис Аракелов 1954 жылдан бастап киноға түсе бастайды. 1954 жылы түсірілген «Кортик» фильмінде алғашқы рөлін сомдайды, ол бұл фильмде Генка Петров рөлінде ойнайды. 1955 жылы «Максим Перепелица» фильмінде эпизодтық, 1961 жылы «Балтийское небо» фильмінде жүргізуші рөлін сомдайды. 1995 жылы «Черная вуаль», 1999 жылы «Убойная сила» фильмдеріне түседі.

Дереккөздер

Санат:23 қарашада туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:14 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:2002 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей актерлері Санат:XX ғасыр актерлері Санат:XXI ғасыр актерлері Санат:ГИТИС түлектері Санат:Оңтүстік зиратта (Санкт-Петербург) жерленгендер Санат:Железногорск (Краснояр өлкесі) тұлғалары