Толқындар — нақтылы ортаның шамырқануы салдарынан энергия жасақталуы, сөйтіп оның шартты бағытта қозғалыстарға ұшырау нәтижесі. Толқынға тән энергияның ерекшелігі сол, ол зат тасымалдау процесінсіз-ақ туындайды. Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сенатов, А. Абдулин. — Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 Серпімді (немесе механикалық) толқындар - серпімді ортада таралатын механикалық тербелістер. Серпімді толқын, егер ортаның бөлшектерінің оған сәйкес келетін тербелістері гармоникалық болса, гармоникалық толқын деп аталады. Толқын ұзындығы - бірдей фазада тербелетін іргелес орналасқан бөлшектердің арақашықтығы. Толқын фронты (қапталы) - уақыт мезетінде тербелістер келіп жететін нүктелердің геометриялық орны. Толқындық бет - бірдей фазада тербелетін нүктелердің геометриялық орны. Толқындық беттер кез келген түрде бола алады, ең қарапайым жағдайда бұл бір-біріне параллель жазықтықтардың немесе концентрлік сфералардың жиынтығы. Осыған сәйкес толқындар жазық немесе сфералық деп аталады. Тұрғын толқындар -жиіліктері және амплитудалары бірдей, бір-біріне қарсы қозғалып келе жатқан екі жүгірме толқындардың үстемеленуінен пайда болады. Тұрғын толқынның пайда болуын жүгірме және шағылған толқындардың интерференциясы кезінде бақылауға болады. Мысалы, егер жіптің (арқанның) ұшын қозғалмайтындай етіп бекітсек, онда жіп бекітілген жерден шағылған толқын жүгірме толқынмен интерференцияланып, тұрғын толқын түзеді. Бұл жағдайда толқын шағылған жерде түйін пайда болады. Шағылу шекарасында түйіннің не шоғырдың пайда болуы орталардың тығыздықтарының қатынасына тәуелді болады. Егер шағылу өтетін ортаның тығыздығы азырақ болатын болса, онда шағылатын жерлерде шоғыр пайда болады, ал егер тығызырақ болатын болса, онад түйін пайда болады. Түйіннің пайда болу себебі, толқын тығызырақ ортадан шағылғанда фазасын қарама-қарсы өзгертеді де, шекарада қарама-қарсы бағыттағы тербелістер қосылып, нәтижесінде түйін пайда болады. Егер толқын тығыздығы азырақ ортадан шағылатын болса, онда фазасының өзгерісі болмайды, шекарада бірдей фазадағы толқындар қосылып, шоғыр пайда болады.
Дереккөздер
Санат: География Санат: Геология Санат: Геофизика