Минералдардағы керікпелер. Нақтылы минерал агрегаты құрамында немесе оның шоғырларының арасында кезігіп қалатын жат минералдар. Мұндай кірікпелер синтектік және эпитектік кірікпелер болып екі түрге бөлінеді; алғашқылары кіріктіруші минерал кристалдарының алғаш пайда болуы барысында-ақ кірігетін болса, екіншілері дайын агрегаттардың дербестігін бұзып өтетін ірілі-ұсақты жарықтар мен қуыстарды дәнекерлейтін материалдар түрінде кейінірек қалыптасады.Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.–Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4
Дереккөздер
Санат: География Санат: Геология Санат: Геофизика