нобай|оңға|Джулио, 1650 жыл Мазарини Джулио (шын есімі Джулио Раймондо Мазарини; ) (14 шілде 1602 жыл, Абруцци, Неаполитандық корольдық – 9 наурыз 1661 жыл, Венсен, Франция) — кардинал, француздың мемлекеттік қайраткері.Britanica настольная энциоклопедия. Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT) ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель).

1627–1634 жылдары Папа дипломатиялық қызметінің мүшесі. Франция мен Испания арасында мантуандық мұра үшін жүргізілген Соғысты тоқтату мақсатында келіссөздер жүргізген. 1634–1636 жылдары Кардинал де Ришельені ізгі тұтушы ретінде Франция сарайында папалық нунция болып қызмет етті. Папалық сарайда Францияның мүддесін қорғаған, кейін франция королдығының қызметіне ауысты.

1639 жылы франция елінің құзырындағы азамат болды, 1641 жылы кардинал мәртебесі (сан) атағын алды. 1624 жылы Ришелье және 1643 жылы королева Аустриялық Аннамен бірге XIII Луи қайтыс болғаннан кейін, XIV Луи кезінде регент болып отырды, сондай-ақ Францияның мемлекетінің алғашқы министрі болып сайланды. Мазарини Джулио жас Луидің білімін дамытумен айналысты. Жас корольдің кезінде ықпалды, беделді кеңесшілердің бірі ретінде талантты мемлекеттік шенеуліктерді таңдауға көмектесті.

Мазаринидің ішкі саясаты Еуропаға Францияның басымдығын көрсетті, себебі оның саясаты арқылы 1648 жылы Вестфалдық ынтымақ және 1659 жылғы Пиренейлік келісімшарт тиімді бектілді. Болашақ өнердің жанашыры ретінде бейнелеу өнері Академиясының (кескіндеме және сәулетшілік) негізін салды, кітапқа мол үлкен кітапханасы болды.

Дереккөздер

Санат:14 шілдеде туғандар Санат:1602 жылы туғандар Санат:Пешинде туғандар Санат:9 наурызда қайтыс болғандар Санат:1661 жылы қайтыс болғандар Санат:Венсенде қайтыс болғандар Санат:Францияда жерленгендер Санат:Папа Григориан университеті түлектері Санат:Саламанка университеті түлектері Санат:Рим университеті оқытушылары Санат:Италия кардиналдары Санат:Франция кардиналдары Санат:VIII Урбанның кардиналдары Санат:XIV Луидің министрлері Санат:Франция премьер-министрлері Санат:Франция библиофилдері Санат:Александр Дюм кейіпкерлері Санат:Невер герцогтері