thumb|right|200px|Борис Александрович Быков Борис Александрович Быков(15.12.1910, Ресей, Кострома облысы Галич қаласы — 14.05.1990, Алматы) — ғалым, биологиялық ғылымдарының докторы (1957), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1968).
ҚазМУ-ді бітірген (1939). Қазақстан ҒА-ның Ботаника институтында (қазіргі Ботаника және фитоинтродукция институты) ғылыми қызметкер, директордың орынбасары (1946 — 60), директор (1960 — 65), лаборатория меңгерушісі (1965 — 75) болған. Негізгі ғылыми еңбектері геоботаника мен өсімдіктер жүйеленіміне арналған. Ол 1951 — 52 ж. Каспий маңы геоботаника экспедициясын, 1957 — 62 ж. Орталық Қазақстандағы биокешендік зерттеулерді, 1964 — 70 ж. республиканың шөлді өңіріндегі жайылымдарды тиімділікпен пайдалану және жақсарту жөніндегі экспедициялық зерттеулерді басқарды. Республиканың, оның ішінде Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының геоботаникалық карталарын құрастырды, Қазақстанның жайылымдары мен шабындықтарының жіктелімін жасады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:15 желтоқсанда туғандар Санат:1910 жылы туғандар Санат:14 мамырда қайтыс болғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар Санат:Ботаникалық таксондар авторлары Санат:Қазақстан ботаниктері Санат:XX ғасыр ботаниктері Санат:Галичте туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО геоботаниктері Санат:Қазақстан геоботаниктері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері