Түйебеков Нұрлан Жапарұлы — 1957 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. 1968 жылы орта мектепті аяқтады. 1968-1973 жылдары Мәскеу полиграфиялық институтында экономика факультетінде инженер-экономист мамандығы бойынша білім алды. Институт бітіргеннен кейін №2 баспаханада инженер-экономист болып істеді. 1974-1985 жылдары Қазақстан КП ОК Баспасында өндіріс бөлімінің бастығы, бас инженері болып еңбек етті. 1985-1987 жылдары Жоғарғы партия мектебінде оқыды. 1987-1992 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болды. 1992-1996 жылдары РГЖБ (Республикалық газет-журнал баспасында) директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 1996 жылы «Кітап» өндірістік бірлестігіне бас директор болып тағайындалып, осында 2000 жылға дейін қызмет етті. 2000-2001 жылдары - «Атамұра» корпорациясының Полиграфкомбинатында директор. 2002-2003 жылдары - «Алаш» баспасының директоры. 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жедел басу типографиясы» ЖШС-ның директоры.
«Астана» медалімен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:1957 жылы туғандар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері