Ескендір Рамазанов (1926 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Көмірші ауылы) - баспагер, ботаник.
С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін биолог-ботаник мамандығы бойынша бітірген (1951). Кіші ғылыми қызметкер. Е.Рамазановтың 1951 — 1978 жылдар аралығындағы еңбек жолы: мектеп мұғалімі, "Учпедгиз" баспасы, FA ботаника институтының ғылыми қызметкері болып істеген. Ал 1978 жылы "Қайнар" баспасына әуелі аға редактор ретінде орналасып, аға ғылыми қызметкер "Ақ бидай" редакциясының меңгерушісі дәрежелерінен өткен.
Ол ботаника, өсімдіктану саласында жүзге жуық мақалалар жариялап, "Орысша-қазақша ботаникалық сөздік", "Ауыл шаруашылық терминдерінің орысша-қазақша сөздігі", (Х.Тілемісовпен бірге), "Қазақстанның осімдік әлемі" (С.Арыстанғалиевпен бірге) атты құнды кітаптар шығарған.
Е.Рамазанов мемлекеттік тәжірибеден өткізілген екі бидай тұқымының, сондай-ақ әртүрлі оқулықтар аудармасының авторы ретінде де танылды.Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х
Дереккөздер
Санат:1926 жылы туғандар Санат:Райымбек ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан ботаниктері Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері