Борис Дмитриевич Греков (3.05.1882, Украина, Миргород, қазіргі Полтава облысы – 9.9.1953, Мәскеу) – орыс тарихшысы. КСРО Ғылым Академиясының академигі (1935).
1937 жылдан КСРО Ғылым Академиясы Тарих институтының, 1944–1946 ж. бұған қоса Мәдени мұра тарихы институтының, 1947–51 ж. Славянтану институтының директоры, 1946–1953 ж. КСРО ҒА Тарих және философия бөлімшесінің акад.-хатшысы болған. Г-тың ғылым-зерттеулері, негізінен, Ресей мемлекетінің құрылуы, ертедегі орыстардың көршілес түркі халықтарымен өзара қарым-қатынастары мен татар, башқұрт, тәжік, түрікмен, өзбек халықтарының тарихына арналған. Г. – «Киев Русі» (1939) аталатын күрделі еңбектің авторы. Оның А.Ю.Якубовскиймен бірігіп жазған «Алтын Орда» (1937), кейіннен толықтырылған «Алтын Орда және оның құлауы» (1950) атты еңбектерінде Алтын Орда мен Русь арасындағы саяси қарым-қатынас, Шыңғыс хан ұрпақтарының жаулап алған жерлерде жүргізген басқару жүйесі, әскери тактикасы туралы маңызды деректер келтірілген, Г., әсіресе, Батудың жорықтарына көбірек көңіл бөледі.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:3 мамырда туғандар Санат:1882 жылы туғандар Санат:Миргородта туғандар Санат:9 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1953 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО тарихшылары Санат:Ресей империясы тарихшылары Санат:Ресей тарихшылары Санат:XX ғасыр тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Поляк ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:Қылышты II дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Қылышты III дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:КСРО медиевистері Санат:КСРО археографтары Санат:КСРО мұрағатшылары Санат:Мәскеу университетінің тарих-филология факультеті түлектері Санат:Пермь мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Таврия ұлттық университеті оқытушылары Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:КСРО Ғылым Академиясының Тарих институты қызметкерлері Санат:Ресей ғылым академиясының Археология институты қызметкерлері Санат:Ресей ғылым академиясының Славянтану институты директорлары Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Өзбек КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Болгар ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:КСРО сәулет академиясының академиктері Санат:Тарих оқулықтарының авторлары Санат:Алтын Орда зерттеушілері Санат:Антинорманистер Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:Ленинград қалалық кеңесінің депутаттары Санат:Ресей ғылым академиясының Санкт-Петербург тарих институты қызметкерлері