thumb|right|200px|Ғалия медресесі Ғалия медресесі, Медресе Ғалия – Башқұртстанның Үфі қаласында 1872 жылы ашылған мұсылмандық жоғары діни оқу орны.

Медреседе дін сабақтарымен қатар араб, парсы, түрік, орыс тілдері, шығыстану тарихы, химия, физика, математика, география, т.б. жаратылыстану ғылымдары оқытылған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Оның ұйымдастырушысы түркі зиялысы Зия Қамали. Медресенің "Ғалия" () аталуы оның жоғары дәрежелі ежелгі оқу орны екенін аңғартады.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 "Ғалия Медресесі" Еділ бойы, Орталық Азия, Қазақстан аумағына жоғары білімді оқытушы мамандар даярлаған прогресшіл бағыттағы білім ұясы болған. Онда дін сабақтарымен қатар араб, парсы, түрік тілдері, исламдық құқық (шариғат), шығыстану тарихы, арифметика, география, математикамен қатар орыс тілі мен әдебиеті де оқытылған. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында "Ғалия Медресесінде" көптеген талапкер қазақ жастары оқыған. Солардың ішінде М.Жұмабаев, Б.Майлин, Т.Жомартбаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, А. Мәметов, Қ.0разбаев, И.Тасболатов, Ш.Назаров, Ғ.Тоқшарбеков, Ғ. Қамзин, Мұхамедғали Оразбаев, т.б. не бары 1913 жылы қазақтан 50 бала оқыған. Мұнда қазақ қыздары да оқыған. Медреседе жалпы 500-ге таяу шәкірт білім алған. "Ғалия Медресесіндегі" қазақ шәкірттерінің қаражатымен 1911 жылы "Әліппе яки төте оқу" атты қазақша оқулық, 1913 - 14 жылдан бастап Б.Майлиннің негіздеуімен Садақ атты журнал шығарған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша Ресей медреселері Санат:1906 жылы пайда болғандар Санат:Ресей мәдени мұралары нысандары Санат:Башқұртстан медреселері Санат:Уфадағы білім және ғылым