ЧИЖЕВСКИЙ Александр Леонидович ЧИЖЕВСКИЙ Александр Леонидович, 1897-1964 ж. Әлемдік деңгейдегі көрнекті биофизик-ғалым. Гелиобиология мен аэроионификацияның негізін салушы. Академик. Профессор. Әуесқой-суретші, ақын. Гродненская губерниясының Цехановец посадында дүниеге келген. Әкесі – жоғары білімді кадрлық әскери, генерал; атақты дворян әулетінен шыққан. 1906 жылдан бастап А. Чижевскийді жыл сайын шетелге – Италияға, Францияға, Грекияға, Египетке шығарып отырған. Мәскеуде бір уақытта Коммерциялық және Археологиялық институттарда оқыған, Мәскеу мемлекеттік университетіндегі медицина бойынша дәрістерге қатысқан. 1918 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде жалпы тарих бойынша докторлық диссертациясын қорғайды. Кең ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізген, шетелде шетел тілдерінде еңбектерін шығарып, онда Академик болып сайланады. Нобель сыйлығына ұсынылған. 1942 жылдың басында тұтқындалып, ал 1943 жылы «ағылшын барлаушыларымен байланысы үшін» КСРО-ның НКВД (Ішкі істер Халкомы) Ерекше мәжілісімен (ОСО) 8 жылға сотталды. КарЛАГ-та, СпасскЛАГ-те, Долинкада болған, ал Қарағандыда – 1957 жылға дейін ҒЗИ (КНИУИ) жанында лаборант болып қызме ете жүріп, айдауда болған. Мәскеуге қайтып оралады. Оның жарияланған ғылыми еңбектері, өлеңдер альбомдары; майлы бояудан бастап пастель мен акварельге дейінгі әр түрлі техникадағы 400-дей жұмысы белгілі. Жұмыстарының біраз бөлігі КОМИИ-да, Қарағандының жеке жинақтарында.
ПРЕМИРОВ Лев Михайлович ПРЕМИРОВ Лев Михайлович, 1912-1978 ж. Суретші және график. Қарағандыдағы суретші-безендіруші. Саратовта туған. Әкесі орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болған. Мәскеуге барып, көркемөнер институтына түседі, бірақ 1934 жылы тұтқындалып, түзету еңбек лагерлерінде 6 жылға сотталғандықтан, онда екі жыл ғана оқиды. Екінші рет КомиАКСР сотымен 1942 жылы 58-10 б. бойынша – «Кеңес үкіметінің саясатына жала жабу» ату жазасына кесіліп, құқықтарында ұтылып 5 жылға түзету еңбек лагерлерінде 10 жылға ауыстырылды. Мерзімін СтепЛАГ-те өтеп, кейіннен Балқаш қаласына жер аударылады. 1948 жылы айдаудан босатылып, тіркеуден шығарылып, Қарағандыда қоныстанады. Л.М. Шемиповтың 37 суретті лагерлік күнделіктері сақталған. 50-ші жылдары «Ухта» сурет полотносы аяқталады. 70-ші жылдары ол ГУЛАГ тақырыптары бойынша графикалық және суреттік полотнолар, сонымен қатар автопортреттер сериясын жасайды. Оның туындыларының бір бөлігі КОМИИ-да, ал тағы біразы – Қарағандының жеке жинақтарында.
ФРИЗЕН Павел Петрович ФРИЗЕН Павел Петрович, 1887-1978 ж. Жоғары білікті суретші-педагог. Украинада туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Харьковта және Мәскеуде көркем білім алады. Краснодарда және Мелитопольде сурет мұғалімі болып жұмыс істейді. 1935 жылы сотталып, КарЛАГ-қа жіберіледі, онда 11 жыл болады. КарЛАГ-тың Қарабас, СХОС сияқты бөлімшелерінде суретші болып жұмыс істейді. Мерзімін өтеп болған соң Қарағандыда қалып, онда көптеген жылдар бойы КМС жанындағы қалалық бейнелеу студиясына жетекшілік етеді. Қайтыс болғаннан кейін суреттік туындыларының көп бөлігі (73) КОМИИ-ға берілген.
АНТИПОВ Петр Николаевич АНТИПОВ Петр Николаевич, 1887-1987 ж. Өнерпаз суретші. Инженер-құрылысшы. Түменде туған. КарЛАГ-тың тұтқыны ретінде 1940 жылдан 1945 жылға дейінгі кезеңде жазасын өтей жүріп, лагерь тұрмысының құжаттық құнды суреттерін орындаған. Ол қайтыс болғаннан кейін осындай суреттері бар бірнеше альбомдары оның ұлы – суретші И. Антиповқа мұраға қалған.
ЕРМОЛАЕВА Вера Михайловна ЕРМОЛАЕВА Вера Михайловна, 1893-1937 ж. Танымал суретші. Кітап графигі. Саратов губерниясының Ключи селосында туған. Ақсүйектер отбасынан шыққан. Ленинградта арнайы суретшілер курсын бітіреді. Витебскіде УНОВИС суретшілер тобын ұйымдастырушылардың бірі болған. Ленинградта ИНХУК-тың ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. 1935 жылы тұтқындалып, «әлеуметтік қауіпті элемент» бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 3 жыл мерзімге сотталады. Мүгедек: екі аяғы сал болып, балдақпен жүрген. 1937 жылы мерзімі аяқталған соң КарЛАГ-та атылған. Сурет жұмыстары Санкт-Петербургта Мемлекеттік Орыс мұражайында және басқа да жинақтарда сақтаулы.
СОКОЛОВ Петр Иванович СОКОЛОВ Петр Иванович, 1892-1937 ж. Суретші. Жоғары білімді Иркутскіде, Парижде, Петроградта (1917 ж.) алған. 30-шы жылдары Мәскеуге қоныс аударады. КСРО Үлкен театрының Бас суретшісі болып қызмет етеді. 1935 жылы НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен 3 жылға сотталады. Мерзімін КарЛАГ-та, Долинка кентінде өтейді. Оның Долинка кентінің орта мектебінде сурет пәнін оқытқаны белгілі. 1937 жылы астаналарда тұру құқығынсыз босатылады, бірақ Мәскеуге келіп, онда ұсталып, атылады.
СТЕРЛИГОВ Владимир Васильевич СТЕРЛИГОВ Владимир Васильевич, 1904-1973 ж. Танымал суретші және әдебиетші, мемуаршы. Варшавада туған. Әлеуметтік жағдайы – қызметкерлерден шыққан. Мәскеуде 20-шы жылдары әдеби курстар мен жеке бейнелеу студияларында оқиды. 1935 жылы Ленинградта «әлеуметтік қауіпті элемент» бабы бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылады. 1938 жылға дейін КарЛАГ-та болады, сосын – суретші болып жұмыс істей жүріп бір жылдай уақыт Қарағандыда айдауда болады. 1941 жылы соғысқа кетіп, онда жарақаттанып, Алма-Атаның госпиталінде емделеді. 1942 жылдан 1945 жылға дейін Алма-Аталық суретшілер училищесінде сабақ береді. Ленинград облысы Петергофқа қайтып келеді. Е. Ковтун жариялаған КарЛАГ туралы құнды қолжазбалық естеліктер қалдырған. В. Стерлиговтың рухани-діни тақырыптағы акварельдері белгілі.
ГРИГОРЬЕВ Александр Владимирович ГРИГОРЬЕВ Александр Владимирович, 1891-1961 ж. Танымал суретші. Марийлік АССР Пертнура селосында туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Арнайы білімді Қазанда және Мәскеуде алады. Мәскеуде АХРР ұйымдастырушыларының бірі болды. Суреттердің экспозицияларының жинақтаушысы болғандықтан 1938 жылы сотталғанға дейін Тау-кен Марийлік өлкетану мұражайы оның есімімен аталған болатын. Халық білімі бөлімінің меңгерушісі, 1918 жылдан 1938 жылға дейін БКП(б) мүшесі болып табылған. «Антисоветтік террористік ұйымдарға қатысушы» бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен сотталған. өзінің мерзімі – 10 жылды КарЛАГ-та өтеген. Босатылған соң 1949 жылы Калуга облысындағы Тарусуға қоныс аударған. Оның лагерлік автопортреттері сақталған.
ИЗНАР Наталья Сергеевна ИЗНАР Наталья Сергеевна, 1893-1967 ж. Жоғары білікті суретші. Театр суретшісі. Акварелші. Санкт-Петербургте туған. Жоғары арнайы білімі болған. Адвокаттың қызы. Суретші және суретшілік шеберханалар жетекшісі, көркем редактор ретінде жұмыс жасаған. Мәскеуде 1938 жылдың соңында «халық жауының әйелі» ретінде еңбекпен түзету лагерлерінде 8 жылға сотталады. Бутырь түрмесінен АЛЖИР-ға (Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері), кейіннен КарЛАГ-қа келеді. Долинка кентінде Орталық клуб жанындағы суретші болып жұмыс істейді. 1946 жылы театрда жұмыс істеу үшін Владимирге кетеді. 1956 жылы Мәскеуге қайтып оралады. Н. Изнардың еңбектерінің бір бөлігі Мәскеуде, Бахрушин атындағы Театрлық мұражайда, КОМИИ-де сақталған.
ВАСИЛЬЕВА Алла Федоровна ВАСИЛЬЕВА Алла Федоровна, 1902-1991 ж. Суретші-декоратор. Шығыс Сібірде, Верхнеудинскіде туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Омскіде гимназия мен көркемөнер техникумын аяқтаған, сосын Мәскеуде – 30-шы жылдары ВХУТЕМАС-та оқыған. Д. Кардовский мен С. Герасимовтың шәкірті. 1938 жылы Мәскеуде ЧСИР (Отанын сатқандар отбасының мүшесі) бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңеспен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылады, оны АЛЖИР-да, сосын КарЛАГ-та өтейді. Долинка кентінің клубында суретші болып жұмыс істейді. 1946 жылдан кейін Мәскеуге қайтып оралады. Оның живопистік еңбектері, лагерлік суреттері, автопортреттері белгілі. Еңбектерінің бір бөлігі КОМИИ-да сақталған.
МЫСЛИНА Мария Владимировна МЫСЛИНА Мария Владимировна, 1901-1974 ж. Суретші, театрлық декоратор, плакатпен, карикатурамен айналысқан. Мәскеуде туған. ВХУТЕМАС-та (1922-1924), театр институтында (1924-1926), АХР студиясында (1926-1929) оқығна. 1937 жылы күйеуінің тұтқындалуына байланысты ЧСИР ретінде КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңеспен репрессияға ұшырайды. Бутырь түрмесінен еңбекпен түзету лагерлерінде 5 жыл мерзімін өтеу үшін КарЛАГ-тың Ақмолалық бөлімшесіне (АЛЖИР) жіберіледі, сосын 1938 жылдан 1946 жылға дейін клуб жанында суретші болып қызмет ете отырып, Долинкада болады. Мерзімін өтеп болған соң Мәскеуге қайтып оралады. Оның қаламынан шыққан Н. Изнардың портреті сақталған (КОМИИ).
БОРХМАН Ирина Александровна БОРХМАН Ирина Александровна, 1902-1993 ж. Суретші. Мәскеуде туған. Дәрігердің қызы. 20-шы жылдары Мәскеуде ВХУТЕМАС-ты және Германияда Мюнхендегі Қолданбалы өнер мектебін (1927-1930) аяқтайды. Мәскеуде «Окна ТАСС» шеберханасында жұмыс істейді. «Тыңшылық» бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен 10 жыл мерзімге сотталады. 1942 жылы Фрунзе қ. түрмесінен КарЛАГ-қа жіберіледі, онда оның әр түрлі бөлімшелерінде (Просторное селосы, Жарық станциясы) тігін фабрикасында, қой шаруашылығында, бақша шаруашылығында, өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді. Суретші-дизайнер ретінде лагерде бастықтардың кабинеттерін безендірген. Ақмола облысының Журавлевка селосына жер айдарылған. 1951 жылы босатылған соң Мәскеуге кетіп қалады. И. Борхманның лагерлік суреттері мен акварельдері сақталған (КОМИИ).
ШИТИКОВА Анна Ивановна ШИТИКОВА Анна Ивановна, 1919-1989 ж. Суретші-дизайнер. Безендіруші. Батыс Сібірде Бочат қаласында туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Лондондық колледжде оқыған. Мәскеудегі 1905 жыл атындағы көркемөнер училищесін аяқтайды, сосын киностудияда кинодекоратор мамандығы бойынша оқиды. 1937 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрменің кеңестік бөлімін безендіру үшін АҚШ-қа барады. 1942 жылы тұтқындалып, 121 «тыңшылық бойынша күдікті байланыстар» бабы бойынша КСРО ІІМ жанындағы Ерекше Кеңеспен еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 8 жылға сотталады. Қазақстандағы СтепЛАГ-ке айдалып, сосын БалқашЛАГ-ке ауыстырылады, онда суретші болып жұмыс істейді. Мерзімін өтеп болған соң 1950 жылы – Балқашқа, сосын – арнайы комендатураның ашық бақылауымен Қарағандыға жер аударылады. ҚазИЗО-да жұмыс істейді. 1959 жылы Мәскеуге қайтып оралады.
ПОТАПОВ Игорь Антонович ПОТАПОВ Игорь Антонович, 1920-1992 ж. Суретші. Педагог. Қарағандылық суретшілер қорының безендірушісі. Мәскеу облысындағы Солнечногорскіде туған. Мәскеуде 1905 жыл атындағы көркемөнер училищесін аяқтаған, ал сосын – Мәскеу педагогикалық институтының суретшілік-графикалық факультетін бітірген. 1943 жылы «антисоветтік үгіттеуге қатысқаны үшін» бабы бойынша еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 5 жылға сотталған. Мәскеудің Бутырь түрмесінен КарЛАГ-қа жіберіледі, онда лагердің әр түрлі бөлімшелерінде суретші болып істейді. Мерзімін өтеп болған соң Қарағандыда қоныстануға айдауда қалған. ҚазИЗО-да суретші-безендіруші болып жұмыс істеген. Қарағандының мектептерінде 15 жыл бойы өнер тарихы бойынша сабақ өткізген. КарЛАГ туралы қолжазбалық естеліктер қалдырған.
ИВАШЕВ-МУСАТОВ Сергей Михайлович ИВАШЕВ-МУСАТОВ Сергей Михайлович, 1900-1992 ж. Жоғары білікті суретші. Педагог. Мәскеуде туған. Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математикалық факультетін, сосын АХРР студиясын аяқтаған. 1947 жылы «антисоветтік топқа қатысқаны үшін» тұтқындалып, еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 25 жылға бас бостандығынан айрылған. СтепЛАГ-ке жіберілген. 1954 жылы лагерден ауруына байланысты босатылып, Қарағандыда қоныстану үшін айдауға жіберіледі. ҚазИЗО-да жұмыс істеп жүріп, 1955 жылдың аяғында Мәскеуге демалысқа кетіп, қайтып оралмайды. Оның кейбір туындыларын КОМИИ сатып алған. Лагерлік жұмыстары сақталмаған.
СООСТЕР Юло-Ильмар Йоханнесович