Елизавета Петровна (29.12.1709, Коломенское — 5.08.1762, Санкт-Петербург) — Ресей империясының билеушісі (1741 — 61), І Петр мен І Екатеринанің кіші қызы. Е. П. патшалық құрған кезеңде әкесінің тұсында қалыптасқан ел басқару жүйесін қалпына келтіріп, дворяндардың экон. жағдайы мен саяси артықшылықтарын нығайтты. Ресей Пруссия королі ІІ Фредрик басқыншылық саясатына қарсы шығып, жеті жылдық соғысқа белсене араласты. Ресей әскерлері П.А. Румянцевтің және А.В. Суворовтың басқаруымен ірі-ірі жеңістерге жетіп, Берлин қаласын алды. Бұл кезеңде орыс мәдениеті де жаңа сатыға көтерілді. Мәскеу ун-ті (1755) және Көркемөнер академиясы (1756) ашылды. Е. П. патшалық еткен дәуірде қазақ жерін отарлау саясаты әрі қарай жалғасты. Осы мақсатпен Орынбор губерниясы құрылды (1749).А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Романовтар Санат:1709 жылы туғандар Санат:Ресей императорлары Санат:1762 жылы қайтыс болғандар