Евгений Нуриұлы Жұманов (9 шілде 1964 жылы туған, Павлодар қаласы) – актер.
Өмірбаяны Шығармашылық қызметі Павлодар орыс драма театры сахнасынан басталған (1986). Алғашқы ойнаған рөлдері: Ромео (У.Шекспирдің “Ромео мен Джульеттасында”), Федотик (А.П. Чеховтың “Апалы-сіңлілі үшеуінде”).
1988 – 89 жылдары Орал орыс драма театрында актер.
1989 – 96 жылдары Республика орыс драма театрында өнер көрсетті.
1996 жылдан Республика орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Рөлдері
Калигула (А.Камюдің “Калигуласында”, Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1993)
Тихон (А.Островскийдің “Найзағайында”)
Клод Фроло (В.Гюгоның “Париж Құдай – Ана соборында”)
Жорден (М.Булгаковтың “Жармес Жорденінде”)
Сольери (А.С. Пушкиннің “Моцарт пен Сольериінде”)
Хосе (П.Мерименің “Карменінде”), т.б. рөлдер көпшілік көңілінен шықты.
“Тоғысқан тағдырлар” теледидарлық сериалында Шамиль Байжанов рөлін сомдады (1995 – 2000). Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
Дереккөздер
Санат:9 шілдеде туғандар Санат:1964 жылы туғандар Санат:Павлодарда туғандар Санат:Қазақстан тележүргізушілері Санат:XX ғасыр тележүргізушілері Санат:Қазақстан актерлері Санат:XX ғасыр актерлері Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:XXI ғасыр театр режиссерлері