Жітіқара алтын кен орны — Қостанай облысы Жітіқара қаласының маңында орналасқан. Кен орны 1910 жылы ашылған, 1911-1960 жылдары барланып, алтын өндірілді.

Геологиялық құрылымы Жітіқара алтын кені бойлық және ендік бағыттағы жарылымдармен қиылған серпентинит, плагиогранит және палеозойдың жанартаулық шөгінді жыныстарының арасында орналасқан. Алтынды желілер серпентинитпен жарылатын ірі тұйық тармақты (апофиз) плагиогранит интрузивтерінің жоғарғы бөліктерінде шоғырланған. Құлау бұрышы 19-65°.

Құрамы Желілер, негізінен, кварцтан (60 – 95%) және аз мөлшерде анкерит, кальцит және серициттен тұрады. Кен минералдары: пирит, арсенопирит, галенит, сфалерит, халькопирит, саф алтын және күміс. Кен орны қазір уақытша пайдаланылмайды.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы кен орындары Санат:Қазақстан алтын кен орындары