Иприт — түссіз, сұйық улағыш зат, химикалық формуласы C4H8Cl2S. Иісі сарымсақ пен қышаға ұқсайды. Жауынгерлік улайтын заттарға жатады.

Адамға зияны Бу қалпында қолданғанда адамның тыныс мүшелерін және көзін зақымдайды. Сұйық түрінде ас қорыту мүшелерін улайды.

Иприттің әсері бірден байқалмайды, тек біршама уақыт өткеннен кейін белгі береді. Иприт жазда бір тәулікке дейін, ал қыста бірнеше аптаға дейін күшін сақтайды. Иприт организмге барлық жермен кіре алады. Көбінесе адам иприттен 3-4 күнде өледі.

Өндіру амалдары Ипритті үш амалмен алады:

1.Этилен мен күкірт хлоридінен

2.Тиодигликоль мен фосфор үшхлоридінен

3.Тиодигликоль мен тұз қышқылынан

Қорғану құралдары Иприттен қорғану құралдары: JT-1 жеңіл костюмі, ОП-1 қорғаныш плащы, резеңке сіңірілген қорғаныш костюм, газтұмылдырық және теріні қорғайтын басқа құралдар мен тұмшаланған қорғаныш құралдары. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Химиялық қарулар Санат:Күкірторганикалық қосылыстар