Магнетон Магнетон — магниттік моменттің атомдық және ядролық физикада, қатты дене, элементар бөлшектер физикасында, т.б. қабылданған өлшем бірлігі. Электрондардың орбиталдық қозғалысы және спині салдарынан болатын ат. жүйенің магниттік моменті Бор магнетонымен өлшенеді:
Б=9,27410–21 эрг/Гс. мұндағы е — зарядтың абс. шамасы m — электрон массасы с — жарық жылдамдығы, — Планк тұрақтысы. Ядролық физикада магниттік момент ядролық магнетонмен өлшенеді. Ядролық магнетонды өрнектейтін формулада Бор магнетонындағы (Б) электрон массасының (т) орнына протон массасы (М) алынады: Я=5,05110–24 эрг/Гс.
Пайдаланған әдебиет Қазақ энциклопедиясы