31 арна — 1993 жылы құрылған қазақстандық жекеменшік ақпараттық, ойын-сауық телеарна. Қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. «informburo.kz» ақпараттық порталымен бірге «31» медиахолдингінің құрамына кіреді.
Телеарна туралы 1993 жылы 12 сәуірде «31 арна» хабар тарата бастады.
2001 жылдың 1 ақпанында ТРК «31 арна» Қазақстанның 14 қаласында жалпыұлттық тележелісін құрды.
2008 жылдың 1 наурызынан бастап «31 арнаның» хабарлар реті жаңа ойын-сауықтық үлгіге көшті: «31 арна» телерадиокомпаниясы мен «СТС Медиа», жаңа холдинг – «31 арна» компаниялар тобын құру туралы келісім-шарт жасасты. Қазір бағдарламалар реті, арнайы «31 арна» үшін жасалған және алынған, жергілікті және шетелдік бағдарламалық өнімдерден тұрады. Эфирдегі хабарлардың басым бөлігі телеарнаның қазақ тіліндегі өнімдері. «31 арнаның» негізгі көрермендері 6 мен 54 жас аралығындағы белсенді жандар.
«31 арна» эфирінде қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар, тақырыптық және көркем фильмдер, сериалдар ток-шоу, балалар хабарлары мен мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламалар беріледі. Сапалы әзіл-оспақ жобалары – «31 арнаның» мақтанышы. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Әзіл студио» әзіл-оспақ қойылымдары – үш жыл бойы көпшіліктің көңілінен шығып келеді. 2011 жылдың күзінен көрсетіле бастаған «Алға, жастар» әзіл-оспақ жобасы бірден көрерменін баурап әкетті.
Бұған қоса «31 арнадағы» қазақ тіліндегі жобалар: «Ризамын», «Қыздар-ай», «Талант-шоу», «Қазақша концерт», «Ғалам-тоp» жұртышылықтың қызығушылығын тудыруда. Бұл бағдарламалар арнайы біздің көрермендеріміз үшін жасалған және қазақстандықтардың табиғатына жақын әрі, түсінікті.
«31 арна» сапалы кино көрсетілімге де баса назар аударады. Дүйсенбі мен жұма аралығында және демалыс күндері көрермендерге әлемге аты әйгілі үздік режиссерлардың, беделді кинофестивальдардың сыйлығын иеленген картиналар және әлемдік кинематографияның классикасына айналған ең тартымды және қызықты фильмдер ұсынылады. 2011 жылы «31 арна» мен Paramount Pictures киностудиясы киноөнімдерді және The Walt Disney Company эфирден көрсетуге лицензиялық құқық беру жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Бұл қазақстандық телеарна мен ірі америкалық кинокомпанияның арасындағы тұңғыш жасалған келісім-шарт. Осы келісімге сәйкес, «31 арна» өз көрермендеріне компанияның жаңа өнімдері мен соңғы жылдардағы танымал фильмдерін ұсынатын тұңғыш әрі жалғыз отандық телеарна.
2023 жылы 20 наурызда «31 арнаның» ресейлік «СТС холдингз» иеленетін 20% акциясын «Верный капитал» компаниялар тобы директорының орынбасары Марлен Мырзабеков сатып алды.«31 канал» стал полностью казахстанским — СТС РФ продал долю
2024 жылы 25 қыркүйекте «31 арнаны» Болат Өтемұратовтан «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры сатып алды. Қорды «31 арна», «Алматы» мен «Қазақстан» телекомпанияларының бұрынғы басшысы Нұржан Мұхамеджанова мен «Хабар» агенттігінің тілшісі Гүлжан Марқабаева құрған.Бұған дейін Болат Өтемұратовқа тиесілі болған 31 арнаның меншік иесі ауысты
Радиостанция туралы «Радио 31» радиостанциясы 1994 жылы 5 қазанда ашылды. 2005 жылы радионың республика бойынша желісі ашылып, Талдықорған, Екібастұз, Қарағанды қалаларында хабар тарата бастады. 2006 жылы радиостанция қазақстандық радиолар арасында алғашқы болып Қырғызстан астанасы Бішкек қаласы мен Қарақол қаласында хабар тарата бастады. 2010 жылы радиостанцияны Санжар Мұстафин сатып алды.Сменился собственник "Радио 31" Қазіргі уақытта ол «Love Radio Kazakhstan» деп аталады.
Бағдарламалар Информбюро. 1995 жылы «Тотем» телеарнасында Виктор Климовтың авторлығымен сараптамалық бағдарлама ретінде жұмысын бастады. 1996 жылы «31 арнада» жаңалықтар түрінде қазақ және орыс тілдерінде шыға бастады. 7 главных медиа-явлений Казахстана Әзіл студио Ризамын TikTok show 31 әзіл Time Vine What's up 1001 Әзіл BALA BATTLEТелебағдарлама
"Informburo.kz" порталы Informburo.kz — мультимедиялық ақпараттық-сараптамалық портал. 2015 жылы 4 мамырда "Мегаполис" басылымы негізінде іске қосылған. Жобаның меншік иесі — "Әділдік және Өркендеу" қоғамдық қорының "Инфополис" ЖШС. Серіктесі — 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасы.Интернет-портал informburo.kz в свой первый день рождения собрал самые читаемые новости за год Портал іске қосылғаннан кейін "Мегаполис" газеті "InformБЮРО Мегаполис" деген атаумен шыға бастады. 2018 жылы газеттің соңғы саны шығып, жұмысын тоқтатты.https://www.inform.kz/ru/izvestnaya-gazeta-v-kazahstane-prekratila-svoy-vypusk_a3168178 2023 жылы "Информбюроның" телевизиялық және интернет-редакциялары бірігіп, 31 медиахолдингінің құрамында жұмыс істей бастады.Медиахолдинг 31 объединит 31 канал и портал
Логотиптері
Басшылары Арманжан Байтасов (1992—2008) Нұржан Мұхамеджанова (2008—2011) Бағдат Қожахметов (2011—2018) Юрий Бродский (2018—2020) Екатерина Кочева (2020—2021) Құрманбек Жұмағали (2021—2023) Бек Кенжебай (2023—2025) Айгүл Ақсамбиева (2025—)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Қазақстан телеарналары Санат:Қазақ тілді телеарналар Санат:Орыс тілді телеарналар