Жаһандар (; 10 ақпан 1661 жыл — 11 ақпан 1713 жыл) — Ұлы Моғолдар патшалығының 9-шы падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың туажаты. I Акбардың неменесі.

Толық атағы: Шаһиншаһ-и-Ғази, Әбілфатх Муиззуддин Мұхаммед Жаһандар Шаһ, Сайып-и-Қыран, Падишаһ-и-Жаһан, Шаһиншаһ-и-Ғази.

Өмірбаяны Билеген жылдары 1712 жылдың 27 ақпанында I Баһадүр қайтыс болды. Оның балалары Жаһандар мен Азимуш Шан өздерін падишаһ деп жариялап, бір-біріне қарсы тақ үшін күрес бастады. 17 мамырда Азимуш Шан өлтірілді, және келесі 11 ай бойы Ұлы Моғолдардың падишаһы Жаһандар болды. Таққа отыруына дейін Жаһандар саудамен сәтті айналысты, Үнді мұхитында сапар жүзді және Синдтің субадары (наменгері) болды. 1712 жылдың 29 мамырда Жаһандар Лахорда падишаһ тәжін киді.

Жаһандардың билігі өте сәтсіз болды. Ол жан-тәнімен өз бәйбішесі, бұрынғы биші Лал Кунварға бағынды. Гарем азғынды, шенеуніктер арасында сыбайлас жемқорлық тарады. 1713 жылдың 10 қаңтарында Жаһандардың жиені, Азимуш Шанның екінші баласы Фарук Сийяр Агра шайқасында падишаһ тас-талқан етіп, өз әкесінің өлімі үшін кек алды. Бұл жеңілістен кейін Карнатаканың субадары Мұхаммед Сағадатулла хан падишаһты озбыр деп айыптап, Фарук Сийяр жағына өтті. Жаһандар жиеніне қарсы күресте шетелден көмек көру үшін Османлы сұлтаны III Ахметке алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Аградағы жеңілістен кейін Жаһандар Делиге қашады, алайда жаңа падишаһ болған Фарук Сийярдың бұйрығымен ұсталып, Лал Кунвармен бірге тұтқында болады. 1713 жылдың 11 ақпанында Жаһандар баскесерлердің қолынан қаза табады. Бұрынғы падишаһтың басы жаңа падишаһқа әкелінеді. Ал денесі Хумаюн кесенесінде жерленеді.

Санат:1643 жылы туғандар Санат:1712 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Моғолдар падишаһтары Санат:Үнді монархтары Санат:Үндістанда туғандар Санат:Үндістанда қайтыс болғандар