«Балалықтың құт мекені» – "Қазақтелефильм" студиясының түрлі-түсті, 3 бөлімді, қазақ-орыс-ұйғыр тілдеріндегі деректі фильмі (1987).
Азамат соғысының ардагері Ахмет Толхабиев пен Батыр-Ана Ханшайым Ахметованың көп балалы отбасы жайлы фильм. Апаның ағынан жарылған әңгімесі. балаларының жас кезіндегі естеліктері арқылы авторлар бұл отбасын тұтастырған себептерді: достықты, адамдарға, өмірге деген сүйіспеншілікті дәйектей келіп, жарастықты өмір салтың көрсеткен.
Режиссер – Рымбек Нығметұлы Әлпиев, операторы – Ф.Аранышев.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т.-640 бет
Дереккөздер
Санат:Қазақтелефильм фильмдері Санат:1987 жылғы фильмдер Санат:Қазақстан деректі фильмдері