Гипердыбыс жиілігі — 10'-10'3 Гц аралығындағы серпімді толқындар.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57..
Гипердыбыстың физикалық табиғаты ультрадыбыспен бірдей. Алайда Гипердыбыстың толқын ұзындығы ультрадыбыстан әлдеқайда кіші (кішілігі жоғары) болғандықтан, ол толқын таралатын ортаның квази бөлшектерімен электрондармен, фонондармен, т.б. ультрадыбысқа қарағанда күштірек әсерлеседі. Толқын ұзындығы молекулалардың еркін жолы ұзындығынан артық болатын серпінді толқындар ғана газ тәрізді ортада тарай алады.
Жиілігі 109 Гц Гипердыбыстың қалыпты атмосфералық қысым мен бөлме температурасы кезінде ауадағы толқын ұзындығы 3,4-10-5 сантиметрге тең, яғни молекуланың еркін жолының ұзындығымен шамалас. Сондықтан да Гипердыбыстың қалыпты атмосфералық қысымдағы ауа мен газға таралмайды.
Гипердыбыс сұйықтықтарда жылдам өшетіндіктен онша алысқа тарай алмайды. Ал төмен температурадағы монокристаллы қатты денелерде Гипердыбыс жақсы таралады. Дереккөздер
Санат:Журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары