Валерий Романович Белякович (26 тамыз 1950 жыл – 6 желтоқсан 2016 жыл) — совет және орыс актері. Станиславский атындағы Мәскеу драма театрының көркемдік жетекшісі. 2002 жылы Ресейдің халық әртісі атағын алады.
Өмірбаяны
Валерий Белякович 1964 жылы Мәскеу жастар театрына түседі, ол жерде 1969 жылға дейін әр түрлі рөлдер сомдайды.
1969-1971 жылдар аралығында армияда өз борышын ақтайды.
1971 жылы Геннадий Иванович Юденич жетекшілігімен театр тобы құрамына қабылданады.
1976 жылы «Женитьба Коли Гоголя» атты қойылымын қойып, Мәскеу жастар театрына ұстаз ретінде қайта оралады.
1976 жылы Педагогикалық институт факультетін тәмамдайды.
1977 жылы Оңтүстік-Батыстағы театр-студиясының негізін қалайды және ГИТИС-тің режиссерлік факультетіне тапсырады.
2002 жылы Ресейдің халық әртісі атағын алады.
2011 жылы К.С. Станиславский атындағы Мәскеу драма театрының көркмдік жетекшісі болады.
Дереккөздер
Санат:КСРО актерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері