Исмет Мұстафа Инөнү (; , — , ) — түрік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткер, Түркияның екінші президенті (1938—1950), Ататүріктің мұрагері.

Туған кездегі есімі — Мұстафа Исмет-паша (). Исмет Инөнү есімі 1935 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияда титулдардың жойылуына және фамилиялардың енгізілуіне байланысты қабылданды.

Әскери-артиллериялық училищенің түлегі. Жас түріктер төңкерісі кезінен бастап Ататүріктің жақын серігі болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Месопотамия майданындағы полковник.

Өмірібаяны Мұстафа Исмет Инөнү 1884 жылы 24 қыркүйекте Измир қаласында туған. Осман шенеунігі Хаджи Решид бейдің ұлы. Әскери-артиллерия училищесінде білім алған. Түркиядағы революция кезінде Ататүріктің жақын жақтасы болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде месопатамия майданында полковник қызметін атқарған.

Қатысқан соғыстары Мустафа Исмет түрік-грек соғысы кезінде Инөнү шайқасқа қатысып, атаққа ие болады. Сол кезден бастап тегін Инөнү деп алады. Республика құрылған соң, бірінші премьер-министр болып тағайындалып, 1937 жылға дейін осы қызметті атқарады. Ататүрік қайтыс болған соң 1938 жылдың 11 қараша айынан 1950 жылға дейін президенттік таққа отырады.

Республикалық ұлттық партияның негізін салушылардың бірі болған. Ол партияны 1938-1972 жылдар аралығында басқарған. 1972 жылы саясат өмірінен алшақтайды.

1973 жылы 25 желтоқсанда Анкара қаласында қайтыс болады.

Дереккөздер

Санат:Әскерилер Санат:Түркия президенттері