Прилеп () – 64 мың тұрғыны бар Македонияның оңтүстігіндегі қалаhttp://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D0%BF. Қала Пелагония жазығының солтүстігінде , ел астанасы Скопье қаласынан 128 км қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ Прилеп ел билеуде даналығымен, түріктерге қарсы күресте батылдығымен ерекшеленген аңыз тұлға Марко ханзаданың қамалына жақын маңда жайғасқан.

Халқы

Қала тұрғындарының көп бөлігін македондықтар (93 %)құрайды. Алайда қалада сыған азшылығы да өмір сүреді. 2002 жылы өткен санақ бойынша 2002 жылы Прилептегі халық саны – 66 246 адам. Ұлттық құрамы: Македондықтар: 61 320 Албандар: 21 Түріктер: 123 Сығандар: 4372 Влахтар: 16 Сербтер: 151 Өзге ұлттар: 226

Тарихы

Прилеп қаласы Рим империясының бір бөлігі ежелгі Стиберр қаласының орнында тұрғызылған қала. 14-ғасырдан бастап ол алты ғасыр бойы Осман империясының қарамағында болды. Ал 20-ғасырда Сербия мен Югославияның иелігіне өткен қала кейіннен Македонияға өтті.

Дереккөздер

Санат: Македония Санат: Қалалар Санат: География