Штип – Македония Республикасының шығысында орналасқан ірі қала http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%82%D0%B8%D0%BF . Штип қауымдастығының әкімшілік орталығы.
2007 жылдың 27 наурызында қалада мемлекеттік Гоце Делчев Университетінің тұсауы кесілді.
Тарихы
Штип - Македония Республикасындағы ежелгі қалалардың бірі. Қала Астибо деген атаумен б.з. 1-ғасырындағы деректерде алғаш рет ұшырасады. Кейіннен болгар тобындағы славяндар оған Штип атауын береді. 9-ғасырдан бастап қала болгар мемлекетінің құрамына енген. Бұдан кейін қала бірнеше мәрте Византия мен Сербияның қарамағында болды. 1382 жылы қала османдықтардың иелігіне өтеді. Қалаға түріктер Истип деген атау берді.
19-ғасырда Штип Осман империясының каза орталығы болған. Болгар этнографы Васил Кынчовтың мәліметтеріне сүйенсек 19-ғасырдың соңында Штиптің халық саны 20 900 адамды құраған. 1912 жылы Бірінші Балқан соғысы кезінде болгар армиясы қаланы босатып, 1913 жылы ол Сербия құрамына енеді.
Дереккөздер
Санат:Македония қалалары