Денау (, ) — Өзбекстанның Сұрқандария облысындағы қала. Денау ауданының әкімшілік орталығы. Халық саны — 130 500 адам.

Географиялық сипаттамасы Денау қаласы Сұрқандария мен оның Санғардақ тармағының арасында Сурхан-Шерабад алқабының жерінде орналасқан. Қала теңіз деңгейінен 520 метр биіктікте Термез қаласының солтүстік-шығысынан 150 км қашықтықта орналасқан. Қала аумағын Қызыл-Су өзені кесіп өтеді. Қала атауы тәжік тілінен аударғанда «Жаңа ауыл» дегенді білдіреді.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Денау — үлкен қала. Халық саны бойынша өз елінде 19-шы орында (Өзбекстан), облыста 2-ші орында (Сұрқандария облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 4453 орын.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Ұзын (13 км), Сарыасия (16 км), Қарлұқ (18 км), Шарғұн (22 км), Шоршы (30 км), Тұрсынзаде (38 км, Тәжікстан), Қаратағ (53 км, Тәжікстан), Құмқорған (56 км), Байсын (61 км), Бандиқан (64 км), Ғиссар (64 км, Тәжікстан), Шарора (70 км, Тәжікстан), Сомониен (78 км, Тәжікстан), Душанбе (82 км, Тәжікстан), Сарық (89 км), Бохтар (92 км, Тәжікстан), Жарқорған (94 км), Балх (101 км, Тәжікстан).

Тарихы Ежелгі дәуірлерде бүгінгі Денау қаласының орнында Чаганиан қаласы орналасқан. Кейіннен Денау Бұара бектігінің орталығы болған. 1929 жылы темір жол салынғаннан кейін елді мекен дами бастады. Жаңа тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар салынды. Кәсіпорын ғимараттары салынды. Денау 1958 жылы қала мәртебесін алды.

Қалада 15-ғасырдың ескеркіші, ортағасырлық сәулет өнерінің үлгісі болған — Саид Аталық медресесінің ғимараты, мешіт, Орыс Православие шіркеуінің Құдай анасының дұға үйі орналасқан. Кеңес заманында Шредер атындағы жеміс - жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми институтының филиалы-селекциялық станция жұмыс істеді.

Экономикасы және инфрақұрылымы Қалада мақта тазалау, мұнай өндіру, кірпіш, автожөндеу және ликер зауыттары, сондай-ақ мұнай сақтау қоймасы бар. Қалада сегіз жалпы білім беретін мектеп, гимназия, қалалық бизнес мектебі, балалар өнер мектебі, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер, шет тілдер лицейлері, химия, физика, математика, медициналық училищелер жұмыс істейді. Сондай-ақ емханалар, кітапханалар, мәдениет және демалыс саябақтары, үлкен стадион, фермерлер базары бар.

Дереккөздер

Санат:Сұрқандария облысы қалалары