Қазанбасы құмы – Торғай алды жазығындағы орманды, құмды алқап.
Географиялық орны Қостанай облысының орталық тұсында, Әулиекөл ауданы аумағында орналасқан.
Жер бедері Қазанбасы құмы теңіз деңгейінен 200 м биіктікте, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 27 – 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 км.
Өсімдігі Құм төбелерде көбіне қарағай, кей жерлерде қайың, көктерек, қызылқоңыр топырақты ашық жерлерінде шалғынды дала шөбі өседі. Төбе аралықтарында кішігірім тұщы және тұзды көлдер бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысы құмдары