Қалыбек, Қадыбек – Ертіс алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының солтүстік-шығысында жатыр. Теңіз деңгейінен 85,6 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 95,6 км2, ұзындығы 17 км, енді жері 7,3 км, жағалауының ұзындығы 70 км. Көлдің ең терең жері 2 м. Су жиналатын алабы 2660 км2. Алабының басым бөлігі қар, жаңбыр суларымен толығады. Деңгейі жылына 0,3-0,5 м ауытқып отырады. Қуаңшылық жылдары саязданады. Суының минералдылығы 0,5 – 20 г/л.

Жағалау сипаты Түбі жазық, жағалауы ашық, топырағы сазды, оңтүстік және батыс жағалауы сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік-батысынан Ащысу, солтүстігінен Жарған өзендері құяды. Басқа жерлері шабындық және жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Тайынша ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері