Але́ппо ( Халаб, , ) — Сирияның ірі қалаларының бірі UN Data, Syrian Arab republic және провинция орталығы. Халық саны 2,301,570 адам (2005). Алеппо Леванттың,Expatify.com Navigating the Major Cities of Syria көптеген жылдар бойы Ұлы Сирияның үлкен қалаларының бірі және Осман империясының Константинополь мен Каирден кейінгі үшінші қаласы болды.Encyclopedia of the Ottoman EmpireRussell, Alexander (1794), The natural history of Aleppo, 2nd Edition, Vol. I, pp. 1-2Gaskin, James J. (1846), Geography and sacred history of Syria, pp. 33-34

Этимологиясы Алеппоның ежелгі атауы Халпе немесе Халибон болған World Heritage Site: Aleppo , ал гректер мен римдіктер оны Ве́рия (Βέροια) деп атаған. Крест жорықтары, кейінгі француз мандаты кезеңінде Халеб (Халаб) қаласын италиян тілінде Алеппо деп атап кеткен. Алеппо сөзінің шығу тегі жайында нақты тұжырым жоқ. Дегенмен кейбіреулер «Халеб» сөзі «темір» немесе «мыс» деген мағына береді, ал қалада аталмыш металдарды өндіру ісі ежелден-ақ жолға қойылған, қала атауы осыған байланысты қалыптасқан деген пікір айтады. Енді бірі «Халаба» сөзі арамей тілінде «ақ» деген ұғымды білдіреді. Бұл ел ақ түсті мәрмәрдың көптігімен атағы шыққан, атау осыған байланысты шыққан болса керек дейді. Тағы бір болжам ретінде айтылатын ой Халеб сөзінің этимологиясына сілтейді. Халеб сөзі «жаңа сауылған сүт» деген мағына береді. Ежелгі заманда Ибраһим пайғамбар жолаушыларға сүт береді екенTravels of Rabbi Pesachia of Regensburg. teachittome.com (p. 53).. Адамдар «Халаб Ибраһим», яғни «Ибраһим (Авраам) сүт сауды ма?» деп сұрайтын болыпты. Ал оның сиырының түсі сарғыш-ақшыл (араб. shaheb) болған, осы себепті қала «Халеб аш-Шахба» деп аталғанMichael Dumper,Bruce E. Stanley: Cities of the Middle East and North Africa: a historical encyclopedia.

Тарихы Алеппо — әлемнің ежелгі қалаларының бірі болып есептеледі, қаланың іргесі б.з. б. VI мыңжылдықта қалана бастаған"Columbia Encyclopedia 2010". Қаланың оңтүстігінде орналасқан Тәлл ас-Сауда және Тәлл әл-Ансари қырларындағы тарихи қазба жұмыстары б.з. д. 3 мыңжылдықтың жартысында адамдардың осы арада тіршілік кешкендігін көрсетеді."Near East 1997". Хетт, Мари және Евфрат жазбаларында, орталық Анатолия, Эбла қласында табылған қазба жәдігерлерде Алеппоның үлкен сауда орталығы болғандығы және онда әскери өнердің жете дамығандығы жазылған."Britannica Concise Encyclopedia 2010"

Қола ғасыры Тарихи жазбаларда Алеппоның Дамаск қаласынан бұрын пайда болып, алғаш б.з. д. 3 ғасырда Эбла патшалығының астанасы болғандығы айтылады. Қала Эблада Арми және Арман деген атпен атақты болған. Аккадта Арман деп келген. Аккадтың патшасы. Нарам-Син (немесе оның атасы) ежелгі Эбла мен Арманды б.з.д. XXIII ғаысрда жойған.Pettinato, Giovanni (Johns Hopkins University Press, 1991) Ebla, a new look at history p.135Hawkins, John David (2000) Inscriptions of the iron age p.388

Кейін вавилондық дәуірде Алеппо Халаб (Халба) деген есіммен алғаш кездеседі. Қала Амореи патшалығының немесе Ямхадтың орталығы болған. Ямхад патшалығы (араб. يمحاض) (Б.з.д. 1800—1600 ж.ж.) сондай-ақ «Халеб жері» деген атпен де әйгілі болған.Kuhrt, Amélie (1998) The ancient Near East p.100

Ямхадты хеттамдық Мурсили I б.з.д. XVI ғасырда қиратты. Дегенмен, Алеппо қайта жанданып, Сирия тарихында өз орнына ие болды.

Темір дәуірі Хетт патшалығы б.з.д. XII ғасырда құлдыраған уақытта Алеппо арамейлік Арпад Сиро-хеттік патшалықтың құрамында, кейінірек Арамей Сиро-хеттік патшалықтың Хатарикка-Лухутидің астанасы болды. IX ғасырда Алеппо Жаңаассирияның, соңынан Ахменидтер империясының құрамында болды.

Антикалық заман Ескендір Зұлқарнайын қаланы б.з. дейінгі 333 ж. жаулап алды. Селевк Никатор мұнда грек елді-мекендерін құрып (шамамен б.з.д. 301—286 жылдар) оны Македония империясындағы Верия қаласының құрметіне — Верия деп атады. Верия Селевкидтер қол астында 300 жыл шамасында болды.

Рим империясы 3 ғасыр Сирияның солтүстігінде үкім етті. Римдіктердің тұсында сириялықтар көбейді. Сондай-ақ V ғасырда Византия империясы тұсында да Сирия халқы анағұрлым ұлғая түсті. Антикалық заманда Верия көлемі жағынан Антиохиядан кейінгі екінші қала, Сирияның астанасы; Рим империясында көлемі жағынан үшінші қала болды. Археологиялық қазбалар Антиохия мен Верияның арасында б.з. VI ғасырында халықтың тығыз орналсқанын растайды. Бұл орында қазіргі күндері қазба жұмыстары жүріп жатыр. Қазба жұмыстарының нәтижесінде үйлер, шіркеулер табылып жатыр. Мысалы әулие Симеон шіркеуі. Әулие Марон осында туған және мазары Алеппоның батысында Брэдте орналасқан деген жорамал бар."Phenix, Robert R. 2008"

Орта ғасыр thumb|220px|left|әл-Зирб базары, мамлүк кезеңі thumb|220px|right|Алеппоның ескі дуалдары және 1256 жылы Ан-Насир Юсуфтың қолымен жасалған Баб Кыннасрин қақпасы thumb|right|Амфитеатр Сасандықтар империясы Сирияға VII ғасырда кіріп келді. Кейін Алеппоны 637 жылы Халид ибн Уалидтің басшылығымен арабтар басып алды. 944 жылы әкімі Сайфуд Даула болған Хамданидтер әміршілігінің резиденциясы болды. Қала өркендеп, болашақ әл-Мутанабби, Әл-Фараби секілді философтардың мектебіне айналды. 962 жылы қалаға Византиялықтар баса көктеп кіріп, 974-987 жылдар аралығында Византия империясы қоластында болды. Алеппо екі мәрте 1098 және 1124 жылдары Крест жорығы кезінде қоршауда болды, бірақ берілген жоқ. 1138 жылы 9 тамызда зілзала болып қала қирап қалды. Тарихи деректер бойынша 230 000 адам қайтыс болды.

Халаб алдымен Салахаддиннің, кейін 1183 жылы Айюб әулетінің қоластында болды.

1260 жылы 24 қаңтарда Алеппоны Құлағу ханның моңғол әскері және оған тәуелді Антиохия князі Боэмунд VI-нің франк рыцарлері мен оның қайын атасы Армения басшысы Хетум 1 бірігіп жаулап алды.«Histoire des Croisades», René Grousset, p. 581, ISBN 226202569X. Қала Тұраншахпен әлсіз қорғалған болатын. Қала дуалы 6 күндік шайқастан кейін, цитадель 4 күннен соң берілді. Көптеген мұсылмандар мен иудейлер жан берді. Тұраншахты өлтірмеді, қала бұрынғы басшысы Хомстың қолына өтті. Қалада моңғол гарнизоны орналастырылды. Халабтан соң моңғолдар Дамаскіге бет алды. Дамаск 1 наурыз 1260 жылы берілді. 1260 жылы қыркүйекте мамлүктер Аккалық франктармен келіссөз жүргізіп, Крестшілерден өтіп, моңғолдармен соғысатындығын айтты (қараңыз Айн-Жалут шайқасы). 3 қыркүйек 1260 ж. Мамлүктер моңғолдарды жеңіп моңғол әскербасы Китбуканы өлтірді, 5 күнде Дамаскіні қайта алды. Мұсылмандар 1 ай ішінде Алеппоны қайта алып, онда өз адамдарын губернатор етіп тағайындады. Моңғолдар Китбука үшін кек алу мақсатында көптеген мұсылмандарды өлтірді. Бірақ қайта соғысып жеңе алмасына көзі жетіп, кері шегінді.Runciman, p. 314.

1271 жылы моңғолдар қаланы қорғап отырған түркімен әскерін жеңіп қалаға қайта кірді. Мамлүк гарнизоны Хама қаласына қашты. Дегенмен Сұлтан Бейбарыс қайта оралып Алеппоны босатады.Runciman, pp. 336—337.1280 жылы 20 қазанда моңғолдар қалаға тағы кіріп келгенімен, бұл кезі мамлүктердің басшысы әл-Мансур Қалаун әскерімен келіп моңғолдарды Евфрат арқылы қашыртады.

1400 жылы қала Әмір Темірдің қолына өтті.Runciman, p. 463. Әмір Темір кезінде қала бұрынғыдан да көркейе түсті.Battle of [email protected].

Қазіргі заман

220px|thumb|left|Иудей әйел мен бәдәуи Алеппо, 1873 жыл 19 ғасырда еврейлер екі бүлікке тап болды. 1947 жылы Израиль мемлекетінің құрылуымен Алеппо қаласында үлкен бүлік болды. Нәтижесінде еврейлер топ-тобымен Израильге көше бастады.

1947 жылғы Алеппо бүлігі 1947 жылғы Алеппо бүлігі — Еврейлерге жасалған шабуыл. Халаб (Алеппо), Сирия желтоқсан 1947 жылы БҰҰ-ның Палестина жерін бөліп, Израильді мемлекет ретінде тануының нәтижесінде болған бүлік.

Алеппо бүлігінің қысқаша тарихы 19 ғасырда Алеппо 1853 және 1875 жылдары екі үлкен бүліктің куәсі болды. БҰҰ 1947 жылғы 29қарашада Палестинаны бөлу туралы қарарынан соң, Алеппоның арабтары қаланың еврейлеріне қарсы шықты, ол уақытта олардың саны 10 000 адам болатын.

Қанша адамның қаза болғаны жайлы нақты мәлімет жоқ. 8 бен 75 арасында адам өлімі болды, жүзден аса жараланды деген мәлімет бар.Daniel Pipes, Greater Syria: The History of an Ambition, (New York: Oxford University Press, 1990) p. 57, records 75 victims of the Aleppo massacre. 10 Синагога, 5 мектеп, жастар клубы, 150 жуық еврейлердің үйлері мен дүкендері қиратылды. Сол уақыттың ақша құны бойынша оқиғаның зардабынан 2,5 миллион доллар шығын болған. Бүлік кезінде Алеппо кодексінің көптеген беттері жойылды. Нәтижесінде еврейлер Израильге қарай қашты. Сол жылдары еврейлер кварталындағы еврейлер 2 есеге азайып кетті.

Географиясы

Алеппо Жерорта теңізінен 120 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 380 м биіктікте, Сирия-Түркия шекарасының шығысында 45 км-де орналасқан. Қала негізінен солтүстігі мен батысында ауыл-шаруашылығы, егіншілікпен айналысады. Атақты Сирия зәйтүндерін өмірумен айналасыды.Алеппо шығысында Сирия шөлі орналасқан. Жаңа қала ескіл қаладан бірнеше км ұзақтықта Куәйкә өзенінің оң жақ жағалакында орын тепкен; қаланың ескі бөлігі өзеннің сол жағында орналасқан. Ескі қала радиусы 10 км болатын 8 үлкен қырмен қоршалған, орталығында үлкені қыр болған. Осы қырдың үстіне Б.д. дейінгі 2 ғасырда қамал тұрғызылған. Аталмыш қырлардың есімдері: Тәл ас-Сауда, Тәл Айша, Тәл ас-С"тт, Тәлл әл-Ясмин, Тәл әл-Ансари (Ярукиййя), Ан ат-Тәл, әл-Жаллүм және Бахсита . Қаланың ескі бөлігі тоғыз қақпадан тұратын ескі дуалдармен қоршалған.

Ауданы 190 км² Алеппо Таяу Шығыстағы тез өсіп келе жатқан қалалардың бірі. 2001 жылы Алеппоның ауданын 2015 жылға 420 км² дейін ұзарту жайлы жоба жасалды."Syria News statement by Syrian Minister of Local Administration, Syria (Arabic, тамыз 2009)

Мәдени ошақтары

Ескі қала thumb|Алеппо қамалы Жаңа Алеппо мен ескі қаланы бөлініп тұрады. Ескі қала ескі дуалдармен қоршалған. Ұзындығы 5 км, 9 қақпасы бар. Ортағасырлық қамал-сарайы бар. Тарих беттерінде Алеппо көптеген оқиғаларға куә болған, қаланы әр заманда әр түрлі басшы басқарған, қанша рет соғыстың куәсі болған. Осы себепті қала халқы кварталдарға бөлініп, мысалы, мұсылман, христиан, еврей кварталдары болған. Олар бір бірінен мұқтаж болмастан өмір сүрген. Ескі қаланың жалпы аумағы 3,5 км². 120 мың адам өмір сүреді.Alepposeife: Aleppo history

Базарлары left|thumb|Бауабәт әл-Ясмин thumb|Алеппоның ескі базары thumb|Хан әл-Шунә Бұл қаланың стратегиялық орналасуы жергідікті халықтың саудамен айналысуына демеу болды. Себебі Алепподан Ұлы Жібек жолы өтетінеді. Әлемдегі ең үлкен жабық базар жалпы аумақ ұзынды 13 км Алеппода орналасқан.eAleppo: The old Suqs of Aleppo (in Arabic) Базар Медина деп аталады. Бұл сауда орталығы. Мұнда жібектің әр түрін, Үнді шай мен кофесін Дамас кофесін таба аласыз. Базарда сонымен бірге хандар яғни керуен сарай Караван-сарай (араб. كاروانسرا) орналасқан.

Қаланың атақты керуен сарайлары:

Алеппо базарлары

Суқ әс-Сабун, немесе сабын ханы, XVI ғасырда салынған, сабын дүкенінің жанында орналасқан. Суқ Хан ан-Наххасин, немесе бал базары. 1539 жылы салынған. Өзінің ұлттық, жаңа аяқкиімдерімен атақты, 84 дүкені бар. Суқ Хан әл-Харир, немесе жібек ханы базары. 16 ғасырдың екінші жартысында салынған, 43 дүкені бар. Суқ Хан әл-Жүмрук, или шекара ханы бзары, 55 магазині бар текстиль орталығы . 1574 жылы салынған. Суқ Хан әл-Уазир, 1682 жылы салынған. Суқ әл-Аттарин. Суқ әз-Зирб, немесе Суқ әл-Зарб. Мұнда мамлүктер заманында теңгелер басылған. Қазіргі кезде базардың 71 дүкені бар. Суқ әл-Бахрамия Бахрамия мешітінң жанында, 52 азық-түлік дүкені бар. Суқ әл-Хаддадин — ескі темір ұсталары қатары, 37 дүкеннен құралған. Суқ әл-Атиқ, или ескі базар, тері атумен айналысады, 48 дүкені бар. Суқ әл-Сиййяғ, немесе алтын-күміс базары, 99 дүкеннен құралған. Суқ ән-Нисуан, әйелдер базары— әйелдерге арналған заттар, жас келіннің жасаулары т.б. Әл-Сууәйқа, немесе Суәйқат Али (suweiqa араб тілінде «кішкентай базар» деген мағына береді),— үй жиһаздары мен ас үйге арналған заттарды сататын үлкен базар.

Алеппо хандары Хан әл-Қади, 1450 жылы салынған Алеппоның ежелгі керуен-сарайларынан Хан әл-Бүргүл, 1472 жылы салынған. Хан әл-Шунә 1546 жылы салынған. Венециан ханы Венеции кунсулының және венециан саудагерлерінің үйі болған..