Қордай ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілк бөлік. Алғашында (17.1.1928) Алматы округінің құрамында, кейіннен (14.10.1939) Жамбыл облысына қосылады. Аумағы 8,9 мың км². Орталығы – Қордай ауылы.
Географиясы Батысында Шу ауданымен, шығысында Алматы облысының Жамбыл ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Қордай ауданының жері негізінен таулы. Солтүстік және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр (биіктіктері теңіз деңгейінен 1000 м-ден жоғары). Кіндіктас, Жетіжол, т.б. тау жоталары ауданның орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Шу аңғары жазық келген. Аудан жерінде кен байлықтарынан гранит (2,6 млн. м³), әктас пен тақтатас (87,4 млн. т), аглопоритті құм (3,1 млн. м³), флюорит (0,467 млн. т), алтынды кентас (0,305 млн. т), молибден (12,2 мың т) және құрылыс тастары кені (8,05 млн. м³) барланған. Олардың кейбіреулері өндірілуде.
Климаты Климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы –8 – 10 °C, шілдеде 22 – 24 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм, олардың басым бөлігі күз және қыс айларында жауады. Аязсыз мерзімі 150 – 180 күн.
Табиғаты thumb|right|Шу өзені Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетіжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның орталық және оңтүстік-шығысынан Іле өзенінің алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Өзынсу және т.б. өзендер ағады. Қақпатас, Қарақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер салынған. Олардағы судың жалпы сыйымдылығы 18,7 млн. м³. Олар аудан шарушылықтарының 4,5 мың гектар жерін суарады және суландырады. Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты тоғандары бар. Шу өзенінен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиевка каналы.
Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сор, қызыл қоңыр, солтүстігінде (Қопа және Қараой жазығында) сұр, сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл т.б. тіршілік етеді.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 36295 71292 91359 67947 110575 104652 124684 156270 Тұрғыны 143 827 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (49,62%), дүнгендер (33,81%), орыстар (9,93%), әзербайжандар (2,68%), қырғыздар (1,06%), түріктер (0,71%), немістер (0,30%), басқалары (1,90%).
Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 41 елді мекен 19 ауылдық округке біріктірілген:
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Алға ауылдық округі 958 1106 115,4 497 571 114,9 461 535 116,1 Ауқатты ауылдық округі 7237 8541 118 3619 4350 120,2 3618 4191 115,8 Бетқайнар ауылдық округі 4562 5923 129,8 2235 2962 132,5 2327 2961 127,2 Жамбыл ауылдық округі 4541 6231 137,2 2269 3176 140 2272 3055 134,5 Кенен ауылдық округі 2496 2269 90,9 1249 1164 93,2 1247 1105 88,6 Қақпатас ауылдық округі 2693 3620 134,4 1356 1834 135,3 1337 1786 133,6 Қаракемер ауылдық округі 3286 3547 107,9 1619 1784 110,2 1667 1763 105,8 Қарасай ауылдық округі 4413 3549 80,4 2156 1777 82,4 2257 1772 78,5 Қарасу ауылдық округі 4724 6105 129,2 2338 3054 130,6 2386 3051 127,9 Қасық ауылдық округі 3378 4720 139,7 1603 2307 143,9 1775 2413 135,9 Қордай ауылдық округі 27443 38012 138,5 12888 17828 138,3 14555 20184 138,7 Масанчи ауылдық округі 14502 18461 127,3 7351 9360 127,3 7151 9101 127,3 Ноғайбай ауылдық округі 2404 2421 100,7 1209 1265 104,6 1195 1156 96,7 Отар ауылдық округі 11749 13096 111,5 5780 7055 122,1 5969 6041 101,2 Сарыбұлақ ауылдық округі 5919 7329 123,8 2897 3604 124,4 3022 3725 123,3 Сортөбе ауылдық округі 17183 23093 134,4 8564 11453 133,7 8619 11640 135,1 Степной ауылдық округі 4484 6040 134,7 2247 3038 135,2 2237 3002 134,2 Сұлутөр ауылдық округі 1283 981 76,5 639 502 78,6 644 479 74,4 Үлкен Сұлутөр ауылдық округі 1429 1226 85,8 694 615 88,6 735 611 83,1 ЖАЛПЫ САНЫ 124684 156270 125,3 61210 77699 126,9 63474 78571 123,8
thumb|right|Қордай кедені, Қазақстан Қырғызстан шекаралары
+Ірі елді мекендері: Ауыл аты Халық саны (2021) Қордай 38012 Сортөбе 19458 Масанчи 17631 Гвардейский 7898 Ауқатты 6672 Бетқайнар 5587 Қарасу 4929 Отар 4896 Жамбыл 4661 Сарыбұлақ 4232 Қарасай батыр 3474 Әлжан ана 3378 Қаракемер 3338 Қайнар 3097
Ауыл шаруашылығы Аудан шаруашылығы негізінен қант қызылшасын, сүтті-етті мал, қой өсіру, астық өндіруге маманданған. Аудан шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 234,0 мың гектар, оның ішінде жыртылған жері 52,6 мың гектар (13,6 мың гектары суармалы), көп жылдық өсімдіктер 0,508 мың гектар жерді қамтиды. Шабындығы 4,8 мың гектар, жайылымы 180,0 мың гектар. 2001 ж. дәнді дақылдар 70,5 мың гектар жерді, қант қызылшасы 0,1 мың га, майлы дақылдар 4,2 мың гектар, темекі 82 гектар, картоп 1,5 мың гектар, көкөніс 4,0 мың гектар, бақша егісі 1,2 мың гектар жерді қамтыды. Сонымен қатар, 484 гектар жерге жемістік және жүзімдік дақылдар отырғызылған.
Ауданның барлық меншік түрлерінде (2001) 30,4 мың сиыр, 15,2 мың шошқа, 207,6 мың қой мен ешкі, 6,5 мың жылқы, 175,1 мың құс болған. Аудан шаруашылығы өнімдерін өндіретін 10 ассоциация жұмыс істейді.
2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда халыққа түрлі салада қызмет көрсететін 668 шаруа қожалығы, 9 ӨК, 4 АҚ және 9 ЖШС болған.
Ауданда 2001 жылдың басында 730 трактор, 180 комбайн, жем-шөп жинайтын 54 комбайн, қызылша жинайтын 3 комбайн болды. Ауданда 10 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ассоциациясы болған. Элита тұқымды және тұқым шаруашылықтарынан астық бағытындағы «Достық» өндірістік кооперативі және «Қайнар» акционерлік қоғамы «Стекловидная – 24», «Безостая – 1», «Богарная – 56», «Интенсивная», «Жетісу» сорттарын өндірумен шұғылданды. 2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда 668 шаруа қожалықтары құрылып, олар жоғарыда айтылған көрсеткіштерге жетті. Ал, шаруашылық субъектілерінің ұйымдастыру-құқықтық түрлерінің саны аудан бойынша 1.10. 2001 ж. 690-ға жетті, оның 668-шаруа қожалығы, 9 өндірістік кооперативті. Ауданда 4 акционионерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі 9 серіктестік тіркелген.
Әлеуметтік нысандар Қордай ауданында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттің филиалы, Ноғайбай ауыл шаруашылығы колледжі бар. Одан басқа, ауданда мектепке дейінгі 1 балалар мекемесі, жалпы білім беретін 48 мектеп, мәдениет объектілерінен 28 мәдениет үйі, 2 музей, 38 кітапхана, денсаулық сақтау мекемелерінен 4 аудандық аурухана мен емханасы, 14 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлі-акушерлік пункт және 12 фельдшерлі пункт болды. Ауданда әр түрлі 37 діни бірлестік бар. Оның ішінде 32 мешіт, одан басқа православиялық шіркеу, Свидетели Иегова, евангелиялық (баптистер), христиан адвентистерінің «7 күн» деп аталатын бірлестіктері тіркелген.
Аудан экономикасы Ауданда шағын кәсіпкершілікпен айналысатын мекемелердің 10,5% – өнеркәсіп өнімдері саласында, 13,2% – ауыл шаруашылығында, 30,9% – саудада, 2,6% – көлік және байланыс, 4,6% – құрылыста, 0,6% – қонақүй мен мейрамханаларда, қалған 37,5%-і басқа салаларда қызмет істейді. 1991 ж. қарағанда 2001 жылы өнеркәсіп өсімі 20,9%-тен 91,1%-ке, яғни 4,5 есеге жуық өсіпті. Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 16 шағын кәсіпорын, ауыл шаруашылығында – 20, құрылыста – 7, көлік және байланыс саласында – 4, саудада – 47, қонақүй мен мейрамханада – 1, басқа салаларда 57 шағын мекемелер қызмет көрсетеді.
Қордай өңірі қазақтың халық ақыны, әнші Кенен Әзірбаевтің өмірімен тығыз байланысты. Аудан жерімен республикалық маңызы бар автомагистраль өтеді. Аудан орталығы – Қордай ауданынан Тараз қаласына дейінгі қашықтық 300 км-ді құрайды. Әкімдері Уәли Уәлиұлы Құрманғали әкімшілік басшысы 1992–1995, әкім (ақпан 1998 – шілде 2007) Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаев 2007–2009 Ілияс Әлімұлы Тортаев желтоқсан 2009 – қаңтар 2012 ? Нұржан Сәбитұлы Календеров 28 шілде 2013 – 31 желтоқсан 2013 Қайрат Әскербекұлы Досаев 17 ақпан 2014 – 2017 Болатбек Байқонысұлы Байтөле 27 наурыз 2017
Ауданнан шыққан тұлғалар Марат Мәзiмбай, кәсіпқой боксшы, IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Кенен Әзірбаев, қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Айгүл Иманбаева, эстрада әншісі, актриса.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов, әнші, Қазақстан Еңбек сіңірген қайраткері Мақсат Базарбаев, әнші Несіпбек Дәутайұлы, жазушы, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Марал Ысқақбай, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұхтарбай Өтелбаев, академик, профессор
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы