thumb|right|200px| Қостанай жылқысы – жылқы тұқымы.

Тарихы Қазақстанның Қостанай, Майкөл және Ресейдің Троицк жылқы зауыттарында күрделі будандастыру (қазақ жылқысының биесін қалмақ, дон, стрелец, орлов-растопчин, ағылшын-араб, таза қанды салт мініс жылқыларының айғырларымен зауыттық будандастыру) нәтижесінде шығарылды. Жеке тұқым ретінде 1951 жылы тіркелді. Қостанай жылқысы негізгі, мініс, дала жылқысы деп үш тұқымдық топқа бөлінеді.

Биологиялық сипаты Бітімі дала жылқысына тән, шымыр, сүйегі ірі, бұлшық еттері жақсы дамыған, аяғы сіңірлі, тұяғы берік. Айғырларының шоқтығына дейінгі биіктігі 159 – 160 см, тұрқының ұзындығы 161 – 163 см, кеуде орамы 185 – 187 см, жіліншік орамы 20 см; биелерінде тиісінше 155,4; 156,2; 185,2; 19,5 см. Мініске де, жегіске де төзімді. Жүйріктігі 1600 м-де 1 мин 40,4 с; 2400 м-де 2 мин 38,4 с. Түсі, көбінесе жирен кейде торы, құла, қара болып келеді. Қазақ жылқысының биесімен Қостанай жылқысының айғырынан туған құлын ірі әрі мініске, жегуге көнбіс. Құлынын енесінен 6 – 7 айлығында бөлектеп, 1,5 жасынан бастап мініске үйретуге, 2 – 4 жасында бәйгеге қосуға болады.

Таралу аймағы Қостанай жылқысы Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Қостанай облысында Қазақ тұлпары жылқы зауыты ұйымдастырылған."Қазақ энциклопедиясы", VI-томҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жылқы тұқымдары