thumb|right|250px|Қосшағыл мұнай кен орны Қосшағыл мұнай кен орны — Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. 1926 жылы ашылған. Барлау-бұрғылау жұмыстары 1935-1942 жылдары жүргізілген.
Геологиясы мен сипаты Кен орны төрт қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. Солтүстік қанаттың ортаңғы юра және оңтүстік қанаттың пермь триас шөгінділері мұнайлы. Өнімді горизонттар 81 – 420 м тереңдікте жатыр. Шоғырлар қабаты биіктігі 12 – 127 м тектоникалық, литологиялық-стратиграфиялық қалқаланған. Өнімді горизонттар терригендік таужыныстардан құралған, коллекторлары кеуекті.
Қанығу сипаты Мұнайға қаныққан қабаттар: қалыңдығы 2,6 – 13,6 м; ашық кеуектілігі 22,2 – 31,9%; өткізгіштігі 0,031 – 9,718 мкм2; мұнайға қанығу коэффициенті 0,52 – 0,92. Мұнайдың шығымы 1-ден 320,2 м3/тәулік аралығында ауытқиды. Қабат қысымы 1,67 – 8,2 МПа, температурасы 19,3 – 29,5°С.
Құрамы Мұнайдың тығыздығы: 0,827 – 0,927 г/см3; күкірттілігі 0,05 – 0,46%; парафинділігі 0,22 – 1,87%. Газ құрамы: метан (72,7 – 89,3%); этан (2 – 10,1%); пропан (1,2 – 2,44%); изобутан (0,2 – 3,66%); көмір қышқыл газы (0,8 – 3,1%). Қабат сулары хлор-кальцийлі, олардың тығыздығы 1,058 – 1,145 г/см3, минералдары 83,6 – 231,8 г/л.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Атырау облысы кен орындары