ҚұнақМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(Frіngіllіdae) – әнші торғайлар отрядына жататын тұқымдас. Жер шарында кең таралған, 33 туысқа бірігетін 133 түрі, ал Қазақстанда 18 туысы, 32 түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 10-22 см, салмағы 7-100 г-дай. Басы домалақ, мойны қысқа. Көп түрінің тұмсығы жуан әрі мықты. Мекиені қоразына қарағанда ашық реңді келеді. Топтасып ұшады, көбейген кезде жеке-жеке жұп құрады. Жұбымен жүріп ағаштың бұтағына, жерге, жартас жарығына ұя салады. Кейде ұясын өсімдік сабағы не бұтағынан тоқып та жасайды. Табақша тәрізді ұясының аузы ашық болады. Ұядағы 3-7 шұбар жұмыртқаны мекиені 2 аптадай басады. Құнақтар өсімдік және оның дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Құнақтардың ішінде Арал теңізінен Алакөл ойпаңына дейінгі аймақта кездесетін — шөл Құнағы (Rhodospіza obsoleta) бар. Бұл салмағы 22 — 28 гр-дай болатын кішкентай құс. Реңі қоңырқай құм түстес, бауыры ақ, құйрығы мен қанаттары ақшыл қауырсындармен көмкерілген. Қанаты жылтыраған қызғылт дақты. Тұмсығы қара түсті. Жыл құсы ұясын ағаш, бұта басына салып, онда 4 — 6 көгілдір, ақ түсті жұмыртқасын басады. Наурызда ұшып келіп, қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Бір жылда 2 рет балапан ұшырады. Тек дәнмен қоректенеді. Құнақтардың 3 түрі және 1 түртармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Дереккөздер

Тағы қараңыз

Торғайтәрізділер

Санат:Құстар Санат:Қазақстан фаунасы