Машинатану — машина жасауға қатысты өзекті мәселелерді кешенді түрде зерттейтін ғылым саласы.
Машинатанудың қамтитын салаларына: машиналар мен механизмдер теориясы; машина жасауда пайдаланылатын материалдардың қасиетін зерттейтін пәндер (Металлтану); машиналарды әр түрлі жағдайларда пайдалану кезіндегі машина буындары мен бөлшектерінің беріктігін және олардың өлшеулерін анықтайтын пәндер (Материалдар кедергісі, Серпімділік теориясы, Пластик. теориясы, Машина бөлшектері); өзара жалғасқан бөлшектердің үйкелістерден тозуын зерттейтін үйкеліс теориясы; бөлшек жасаудың тиімді тәсілдерін зерттеу; машиналарды пайдалану кезіндегі сенімділік және энергияны тиімді пайдалану, машинаның жұмыс өнімділігін арттыру, т.б. мәселелер кіреді. Экономиканың әр түрлі салаларында автоматты машиналардың қолданылуына байланысты М-да машиналар мен механизмдерді автоматты түрде басқару мен басқару құралдарын пайдалануға айтарлықтай көңіл бөлінуде. ғыл. тех. прогрестің қазіргі кезеңінде машиналардың жылдамдығы мен қуатының әрі жұмыс істейтін ортаның қысымы мен темп-расының артуы кейбір машиналардың вакуумда, радиациясы күшті орталарда жұмыс істеуі, т.б. М. пәніне жан-жақты ғыл. зерттеулер жүргізуді талап етеді. М. саласындағы табыстар автоматика, аэро, газ және гидродинамика, термодинамика, физ. химия, электроника, электр-техника және басқа ғылым салаларының жетістіктеріне тығыз байланысты. Қ. Қоныспай
Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Машина жасау
ta:இயந்திரவியல் tl:Inhinyeryang mekanikal