Михайлов Владимир Владимирович (1902 жылы 20 қыркүйек, Ресей Федерациясы, Удмуртия, Глазов қаласында дүниеге келіп – 1980 жылы, Екатеринбург қаласында қайтыс болған) – техника ғылымдарының докторы (1946), профессор (1947), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958). Орал политехникалық институтын бітірген (Екатеринбург, 1924). 1924–78 жылдарда КСРО ғылым академиясының Металлургия институтында (Орал филиалы), Қазақстан ғылым академиясының Химия-металлургия институтында, Қара металлургия орталығы ғылыми-зертханалық институты Қазақстан бөлімшесінде, КСРО ғылым академиясының Орал ғылыми орталығы Металлургия институтында (Екатеринбург қаласы) ғылыми-зертханалық жұмыстарында басшылық қызметтер атқарды.Қазақ Энциклопедиясы Михайлов Владимир Владимирович кешенді темір кендерін пайдаланудың, арнайы қорытпалар мен шойын алудың жаңа технологияларын жасап, оларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Қазақстан темір кендерін тиімді пайдалану мәселелерімен айналысты. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс, ферро-хромды домна пештерінде балқыту жөніндегі зерттеулерге басшылық етті КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1942). Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.Кочканарское месторождение титаноагнетитовых руд, М., 1955.
Сілтемелер Удмуртия Екатеринбург КСРО Дереккөздер
Санат:Ғалымдар