ПарасатҚазақ энциклопедиясы 7 т, республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем безендірілген журнал журнал. Алғашқы саны 1958 жылы шілдеде “Мәдениет және тұрмыс” деген атпен шықты. Журналдың тұңғыш саны 10 мың дана тиражбен жарық көрді. 1990 жылдан “Парасат” деп аталады. Журнал бетінде тарих пен әдебиет, мәдениет пен өнер, руханият мәселелері көтеріледі. Басылымның “Ойтолғақ”, “Жаңғырық”, “Тарих-тағдыр”, “Таным”, “Дерек пен дәйек”, “Салауат”, “Ғұмырдария”, т.б. тұрақты айдарлары бар. Айына 1 рет шығады. Мекен жайы : Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 13-үй,2-ші қабат ( Маметованың бұрышы ). E-mail: [email protected], байланыс телефоны 8(727)273-05-18.

Парасат бұрынғы Мәдениет және тұрмыс журналының әр жылдардағы бас редакторлары : Мұса Дінішев - 07.1958 - 04.1961 ж. Абай Бейсембаев - 05.1961 - 08.1963 ж. Сапар Байжан ата - 09.1963 - 12.1964 ж. Мұса Дінішев - 01.1965 - 07.1976 ж. Бақытжан Жиенғалиев - 12.1976 - 12. 1988 ж. Камал Смайылов - 12.1988 - 12.1989 ж. Бексұлтан Нұржекеұлы - 12.1989- 12.1991 ж. Смағұл Елубаев 01.1991 - 05.1995 ж. Баққожа Мұқай 06.1995 - 01.2008 ж. Ерғали Сағат 02.2008 - 04.2013 ж. Серік Әбікенұлы Сарыбаев 04.2013 - ?

Дереккөздер

Санат:Мәдениет