Өсімдік туралы Панданус – панданустар тұқымдасына жатады. Отаны – Малай архипелаг аралдары. Бұл өсімдіктің ерекшелігі, сабағы ауа тамырларының үстінде орналасқан. Сабағы қысқа, жапырақтары бір-біріне тығыз жанаса, сабақты айнала орналасқан. Жапырақтары ұзын сүйір, 70-см-дей, қатты, қалың қабықты, шеттері өткір тікенді болып келеді. Қою жасыл жылтыр жапырақтарының, ұзына бойы ақ жолақ, не сары жолақ түрлері бар. Өз отанында табиғатта гүлдегенмен, бізде Қазақстанда, үй жағдайында гүлдеуі екі талай. Күтімі жеңіл бөлме гүлдеріне жатады

Жарығы Алакөлеңкеде де, жарықтада да жақсы өседі. Тіке түскен күннің көзіне қоюға болмайды.

Жылуы Жылулықты ұнатады, қыста 16 ºС төмен түспегені абзал.

Суғарылуы Жазда жиірек, қыста сирек суғарады.

Ылғалдылығы Аса ылғалдылықты қажет етпейді. Жапырақтарын шаң-тозаңнан тазарту мақсатында су бүркіп, немесе дымқыл матамен сүртіп, тазалығын сақтау қажет.

Қоректендірілу Көктем-жаз мезгілдерінде минералды тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіріп отырған жөн.

Аурулары Дұрыс күтім көрсетілсе ауруға шалдықпайды.

Көбейтілуі Жанама өскіндерімен көбейтеді.

Әдебиет Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.; «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б; ISBN 978-601-7237-31-8

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт